Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы
"Қызғалдақ" мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Аяпбергенова Райхан Балтабаевна
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру ісін жақсартудың бір жолы – педагогикалық үрдісті жаңаландыру, педагог кадрлардың шеберлігін арттыру. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп білімнің өмірдегі мәнін ұғынса, білімнің шыңына шығу үшін асқан төзімділік пен еңбексүйгіштік қасиет керек екендігі дәлелденген. Балаларға сапалы білім беріп, адамгершілігі мол азамат болып қалыптасуына тәрбиешінің қосатын үлесі зор. Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан кейін кейбір ата–аналар мен ұстаздар арасында түсінбеушілік пайда болады. Ол баланың қалам ұстай алмауы, ермексазбен жұмыс істей алмауы, киімдерін шешіп, жинастыра алмауы – мұның барлығы балабақшадағы баланың қол моторикасын, сенсориканың дамымауы деп білем. Балабақшада сәбилік кезеңде сенсорикасы күнделікті жоспармен дамытылған баланың саусақ бұлшық еті күнделікті жаттығып, дамып-жетіледі. Әр тәрбиеші танымдық қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет деп біліп мен өз шығармашылық жұмысымда балалардың сенсорлық қабілеттерін дамытуды мақсат еттім. Сол себептен шығармашылық бағыт бойынша жүргізетін жұмысымды «Ерте жас тобы балаларының сенсорлық танымын ойын-жаттығулар арқылы дамыту» тақырыбында алдым. М.Монтессори технологиясын басшылыққа ала отырып, кейбір элеметтерін пайдаланып келемін. Өз шығармашылық жұмысымда М .М элементтерін пайдаланған себебім, мен 2014жылы екі апталық біліктілікті арттыру курсынан өттім. Курстан М.Монтессори әдісінің негізін, тиімділігін көрдім. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, шығармашылық жұмысымның жоспарын құрдым. Жоспар тоғыз сағаттан тұрады. Іздене жүріп көптеген ойын-жаттығуларды кірістірдім. Айына бір рет өткіземін. Басшылықтың арқасында аудан көлемінде өткен педагогикалық оқуда өз шығармашылық жұмысымды қорғап, алғыс хат иелендім. Шығармашылық жұмысымда төмендегідей ойын-жаттығуларын падайландым: «Таяқша», «Қыстырғыштар», «Қақпақтарды топтастыр», «Ілгеті жолдар».
Тақырыбы: «Ілгекті жолдар»
Мақсаты: Уақ маториканы дамыту.
Ілгектердің көлемін, түсін ажыратуға үйрету. Бірдей түсті ілгектерді табуға олардан жол жасай білуге дағдыландыру.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қажетті құралдар: Ақ қағаз, ілгектер
Жүру барысы: Үстел үстіне түрлі ілгектерді қою. Балалар ілгектерді қолмен ұстап көздерімен көріп, ілгектерді көлеміне түсіне қарай топтастырады. Жиналған бірдей ілгектерден ақ қағаз бетіне жол жасату.
Тақырыбы: «Ғажайып қораптар»
Мақсаты: Балаларды пішіндермен және олардың атауларымен таныстыру. Пішіндерді өз орнына орналастыра білуге тәрбиелеу. Қол қимылдарын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, өз бетінше әрекет ету. Қайталату.
Қажетті құралдар: Сенсорлық дамытушы ойыншықтар.
Жүру барысы: Балаларды ойыншықпен таныстыру. Балалар пішіндерді алады, оның түсін,пішінін айтады. Оны өз ұяшығына орналастырады.
Тақырыбы: «Таяқша»
Мақсаты: Зейінін шоғырландыра отырып, түстерді үйлестіре білуге үйрету.
Дамытушылығы: Қолдың қимыл қозғалыстарын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті–құралдар: Ағаштан жасалған түрлі-түсті таяқшалар. Түрлі-түсті жұмсақ сақиналар.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Жүру барысы: Балаларды ағаш таяқшалармен таныстыру. Олардың түстерін айтқызу. Балалардың назарын таяқшаның қасындағы түрлі-түсті сақиналарға аудару. Оның жұмсақ екенін сезінеді. Балаларға таяқшаның түсіне сәйкес, сақинаны кигізуді өтіну. Ойын барысында баланың қол бұлшық еттері жаттығады, жазу жазуға қол саусақтарын дайындайды. Бұл жаттығуда екі қол бірге жұмыс жасайды. Қол саусақтарының дұрыс дамуы бастың оң және сол жақ ми қызметінің
Тақырыбы: «Жұптастыр»
Мақсаты: Балалардың есте сақтауын, заттарды орналастыра отырып, қол мен көз үйлесімділігін дамыту. Түсті таба білуге жаттықтыру. Заттарды орналастыра отырып, қол қимылдарын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,қайталатамын, ой-қозғау
Қажетті құралдар: Түрлі–түсті қағаздан жасалған шарлар.
Жүру барысы: Балаларшардың түсін ажыратады. Арнайы жабыстырғышы бар шарларды түстеріне сәйкестендіріп, жіптің бойына жабыстыру.
Тақырыбы: «Қысқыштар» ойыны
Мақсаты: Балаларды түрлі-түсті қысытырғыштардың түстерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, топтастыру.
Қажетті құралдар: Ағаш қысқыштар, шеткі жиегі қалың емес ағаш себеттер немесе қатты қағаздан жасалған бейнелер.
Әдіс- тәсілі: Көрсету, қайталату. Өз бетінше әрекет ету.
Жүру барысы: Себеттің жақтауларына киім қысуға арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.
Егер тапсырманы қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады.
Тақырыбы: «Үйлерге орналастыр»
Мақсаты: Балаларда түстер туралы түсінік қалыптастыру. Оларды салыстырып, сәйкестендіруге үйрету. Ойлау қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілі: Түстерді көрсету.
Қажетті құралдар: Қатты қағаздан жасалған түрлі-түсті үйлер, мысықтар.
Жүру барысы: Балалардың назарына 6-8 түсті үйлерді ұсыну. Олардың түстерін таныстырып, қайталап сұрау. Содан кейін сол үйлердің түсіне сәйкес мысықтарды көрсетіп, таныстыру. Мысықтардың түстеріне сәйкес үйлерге орналастырып көрсету. Балалардан көргендерін өздеріне қайталап, жасату. Білмеген балаларға көмектесу.
Мен жүйелі жүргізілген жұмысының нәтижесінде:
- қолдың уақ маторикасын дамиды,
- қол мен көз үйлесімділігін жетілдірдім,
- балалардың есте сақтау, есту қабілеттерін дамиды.
- түстерді ажыратып оларды салыстыра, топтастыра білді.
Алға қарайда жұмысымның нәтижесін көп мәрте жандандырғым келеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі