Қызылорда қаласы,
№ 264 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Альмаханова Шара Хамзина
Сыныбы: 7
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты: білімділік −зат есімнің жіктелу жүйесін және жіктік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде жіктік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету; дамытушылық − оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту; тәрбиелік−оқушыларды тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру. Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, жаттығу жұмыстары, талдау, танымдық ойын. Көрнекілігі: «Даналық әліппесі», ұлттық нақыштағы оюлы себет, түрлі - түсті дөңгелекшелер, семантикалық кесте, слайдтар, киіз үйдің екі кішкене макеті.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика, музыка.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен сәлемдесу;
Ә) кезекші мәлімдемесі;
Б) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген 35, 36 - жаттығулардың орындалуын тексеру.
Қосымша сұрақтар:
1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
2. Қазақ тіліндегі септіктер саны қанша? Атап шығыңыз.
3. Септік жалғаулары дегеніміз не?
4. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Семантикалық кесте
Р/с |
Түрлері Мысалдар |
Атау септік |
Ілік септік |
Барыс септік |
Табыс септік |
Жатыс септік |
Шығыс септік |
Көмектес септік |
1 |
Сұңқардан |
|
|
|
|
|
+ |
|
2 |
Дидарыңа |
|
|
+ |
|
|
|
|
3 |
Мәтінді |
|
|
|
|
+ |
|
|
4 |
Оқушылар |
+ |
|
|
|
|
|
|
5 |
Кітаптың |
|
+ |
|
|
|
|
|
6 |
Көлікпен |
|
|
|
|
|
|
+ |
7 |
Мектепте |
|
|
|
|
+ |
|
|
8 |
Кітаптан |
|
|
|
|
|
+ |
|
9 |
Айтысқа |
|
|
+ |
|
|
|
|
Р/с |
Түрлері Мысалдар |
Атау септік |
Ілік септік |
Барыс септік |
Табыс септік |
Жатыс септік |
Шығыс септік |
Көмектес септік |
1 |
Ғимараттан |
|
|
|
|
|
+ |
|
2 |
Қаламды |
|
|
|
+ |
|
|
|
3 |
Досымның |
|
+ |
|
|
|
|
|
4 |
Жапырақ |
+ |
|
|
|
|
|
|
5 |
Үйінде |
|
|
|
|
+ |
|
|
6 |
Балғамен |
|
|
|
|
|
|
+ |
7 |
Қағазға |
|
|
+ |
|
|
|
|
8 |
Кітаптан |
|
|
|
|
|
+ |
|
9 |
Ағашты |
|
|
|
+ |
|
|
|
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.
Ертегі:
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? - деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген»аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Оқушылардан қандай ұлттық аспаптардың түрлерін білетіндігі сұралады. Слайдта ұлттық аспаптардың суреттері көрсетіле отырып, «Даналық әліппесі» арқылы сөйлейтін қаламмен «Балбырауын» күйі орындалады.
ІV. Жаңа сабақ.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жіктелуі».
Сен жіктелу, жік - жігімен ажырату сөзінің мағынасын білесің бе? Жік - жікке бөлінді дегенді естіп, немесе қолданып көрдің бе? Жік - жікке бөліну адамдарға қатысты айтылғанда жақ - жаққа бөлініп, белгілі бір мақсаттағы қимыл - әрекетті жүзеге асыруға байланысты. Ал, сөздердің жіктелуі сөйлемдегі сөздердің байланысуына қызмет етеді. Мән беріп, толығырақ танысайық.
Жіктік жалғауы да басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым - өатынас жасау мүмкіндігін тудырады. Жіктік жалғауының негізгі қасиеті – оның баяндауышқа тән жалғау екендігінде. Ал, біз сөз соңына келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімдерді жиі кездестіреміз. Жіктеу есімдігі бастауыш болып тұрған сөйлемдегі баяндауыш болатын сөз бастауышпен бір жақта келіп, тиісті жіктік жалғауын қабылдайды.
Мысалы:
Жіктеу есімдігі (бастауыш) |
Зат есім (баяндауыш) |
Қабылдаған жіктік жалғауы |
Мен |
мұғалім |
- мін |
Сен |
мұғалім |
- сің |
Ол |
мұғалім |
|
Жіктік жалғауы болмайды
Біз |
мұғалім |
- біз |
Сендер |
мұғалім |
- сіңдер |
Олар |
мұғалімдер |
ІІІ жақта жіктік жалғауы жалғанбайды, тек берілген зат есім көптеліп беріледі. |
Жіктік жалғау зат есімнің бәріне жаппай жалғана бермейді. Лексикалық мағынасы адамға (адамның есімі, мамандыққа) қатысты зат есімдер жіктеледі (мен мұғаліммін, ол дәрігер, сіздер ақынсыздар, біз адамбыз, т. б.). Ал жер - су (тау, төбе, өзен), жануарларға (түйе, аю, түлкі, елік, т. б.) қатысты зат атауларына жіктік жалғауды жаппай жалғай алмаймыз. Алайда шешен де шырайлы ана тіліміздегі көркем әдебиетке қатысты (сөз шеберінің қолдануына сәйкес) кейбір нәрселер мен құбылыстар (жел, қайың, қағаз, кітап т. с. с.) жан - жануар атаулары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу мақсатында ауыспалы мәнде қолданылған жағдайда жіктік жалғауын қабылдайды.
Сен алтынсың, мен пұлмын,
Сен жібексің, мен жүнмін,
Сен сұлтансың, мен құлмын,
Сен сұңқарсың, мен қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
(Шалкиіз жырау)
V. Танымдық ойын. Берілген өлең жолдарынан жіктеліп тұрған зат есімдерді тауып, қай жақта (қандай зат есімдер) жіктелгенін айтып беріңдер.
Құмаймын, жұбаймын, крансыздар, азаматсың, көкпар, жігіт, қыз, көктем, күз.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
39 - жаттығу. Мәтіндегі сөздерге жалғанған қосымшаларды ажыратып, оларға түсінік беріңдер.
Тағамнан, көжені, сонда, басында, үлкендердің, батасын, өзінен, кішілерге, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың, айтысы, түрлерін, ойындары, қуанышпен, адамның, есінде, көпке, көктемнің, сыйы, еліміздің, мерекесі.
41 - жаттығу. Көшіріп жазып, өлең мәтіндеріндегі жіктеліп, септеліп тұрған сөздердің астын сызыңдар. Жалғауларына тоқталып, талдап беріңдер.
VІІ. «Кім жылдам» ойыны
Берілген сөздерден жіктеп, септеп, тәуелдеуге болатындарын таңдап ал да, жікте, септе, тәуелде.
Азамат, қалам, оқулық, шәкірті, орындық, ақын
VІІІ. Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру:
1) 43 - жаттығу. Төменде берілген сөздерді жіктеңдер. Бәрі бірдей жіктеле ме? Назар аударыңдар.
2) 44 - жаттығу. Зат есімдерді құрамы, тұлғасы, мағыналарына қарай талдаңдар, адамгершілік қасиет туралы ойларыңды ортаға салыңдар. Абай афоризміне сүйене отырып, құрамында жіктелген зат есімдері бар шағын мәтін жазыңдар.
Қорытынды сөз:
Жіктік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде жіктік жалғауын дұрыс қолданады. Сөздік қорымызды молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек. Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік.
улбала
зат есимнин жиктелуи ережесин тауып бересиздерме
улбала
жаздык катн не типти
Нұргүл Ай
Рахмет
айгул
Бирнеше мысал жазыныздарш
Мен
Толығырақ жазғанда жақсы болатын еді. Маған билетке кажет болып тур.