Өлең, жыр, ақындар

Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы
№32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бейсенова Алиша Асылбекқызы

Күні: 20.02.18.                                           11 «Б» сынып                               Қазақ тілі     

Сабақтың тақырыбы: Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.                                                                                            Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар  туралы түсінік беру; жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. 

дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Б. Блум жүйесі бойынша, түсіндіру, репродуктивтік, ішінара іздену, проблемалық сұрақтарды шешу

Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар

Тех. құрал-жабдық: интерактивті тақта слайдтары 

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

 ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту 

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өмірбаян жазу 

Сын есім туралы:

3. Сұрақ-жауап: 
1. Кеңселік іс қағаздарының түрлерін атаңдар. 
2. Өмірбаян қандай құжат? 
3. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады? 
4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады? 
5. Өтініш кімнің атынан жазылады? 
6. Қандай жағдайларда жазылады? 
7. Өтініштің құрылымы қандай? 
8. Өтініш бойынша не шығарады? 
9. Арыз қандай жағдайларда жазылады? 
10. Арызда қандай мәліметтер көрсетілуі керек? 
11. Арыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады? 
12. Талап арыз қандай құжат? 
13. Оның қандай құрылымдары бар? 

ІҮ. Жаңа сабақ                                                                                                                                      
1. Білу
Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар Материалдық жауапкершілік туралы шарт

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен айналысатын қызметкерлердің (18 жасқа толған) арасында жасалуы мүмкін. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері заңмен немесе жұмыс берушінің нормативтік актілерімен белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен байланысты, әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілік туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік енгізіледі.

Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады (ортақ жауапкершілік).

Мәтінге арналған сөздік

материалдық жауапкершілік туралы шарт – договор о материальной ответственности жазбаша шарттар – письменные договоры

сақтау – хранение 

өңдеу – обработка

сату – продажа

жіберу – отпуск

тасымалдау – перевозка 

тікелей байланысты – непосредственно связанный

құндылықтар – ценности

өндіріс үрдісінде – в процесе производства

пайдалану – применение

18 жасқа толған – достигшими 18-летного возраста 

арасында – между  

жасалуы мүмкін – могут быть заключены 

мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі – перечень таких должностей и работ шарттардың үлгілері – типовой договор

заңмен – законодательством

жұмыс берушінің нормативтік актілерімен – нормативными актами работодателя

белгіленген тәртіппен – в порядке

бекітіледі – утверждаются

мүмкін болмағанда - когда невозможно 

жұмыстардың жекелеген түрлерін – отдельных видов работ

қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде – при совместном выполнении работниками

ұжымдық-материалдық жауапкершілік – коллективная метериальная  ответственность

енгізіледі – вводиться

кәсіпорын ұжымы – коллектив предприятия

тиісті сайлау органы – соответствущий выборный орган 

келісім бойынша – по согласованию

әкімшілік – администрация

белгілейді – устанавливает

сеніп тапсырылған құндылықтар – вверенные ценности 

тікелей қатысы бар – имеющий прямое отношение

ортақ жауапкершілік – солидарная ответсвенность

 

Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы

ШАРТ

_______________________________________________________________________

(кәсіпорынның атауы)

тиісті материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бұдан әрі «Әкімшілік» деп аталатын кәсіпорын атынан __________________________________

(лауазымы, аты-жөні)

және бұдан әрі жұмысшы деп аталатын екінші тараптың атынан _________________

(лауазымы, аты-жөні)

төмендегі мәселелер жөнінде осы шартты жасасты:

1. Қызметкер___________________________________________________________

лауазымы__________________________________________________________________

немесе атқаратын қызметі____________________________________________________

(қызметтің аты)

__________________________________________________________________________

(оған тапсырылған құндылықтарды сақтау, өңдеу, сату, тасымалдау)

_________________________________________________________________________________________

(немесе өндіріс үрдісінде пайдалануы)

байланысты өзінің жауапкершілігіне алған құндылықтарды сақтауды жүзеге асыруға:

- оның жауапкершілігіне берілген материалдық құндылықтарды сақтауға немесе басқа да құндылықтарды жоғалып-бұзылудан сақтау үшін шаралар қолдануға;

  • сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуына қауіп

туғызатын түрлі жағдайлар туралы әкімшілікке уақтылы хабарлауға;

  • сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың тауар-ақша және басқа да

есебін, олардың басқа да қозғалысы мен қалдықтары туралы белгіленген тәртіпте есеп жүргізуге міндеттенеді.

2. Әкімшілік:

  • сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қызметкерге қажетті жағдай жасауға;
  • қызметкерлерді материалдық жауапкершілік туралы қолданылып жүрген заң актілерімен таныстыру, сонымен бірге сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтау, қабылдау, өңдеу, сату, тасымалдау немесе өндіріс үрдісінде пайдаланудың нормативтерімен және ережелерімен таныстыру;
  • белгіленген тәртіпте материалдық құндылықтардың түгендемесін жүргізуге міндеттенеді.
  1. Егер қызметкердің кінәсінен оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмесе және ол кәсіпорынның қызметіне зиянын тигізсе, онда қызметкер оның орнын қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртіпте толтырады.
  2. Егер шығын қызметкердің кінәсінен болмаса, онда қызметкер материалдық жауапкершілікте болмайды.
  3. Қызметкерді ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 ж. №493-1 заңының 89-92 баптарындағы талаптармен таныстыру керек.
  4. Осы шарттың күші кәсіпорынның материалдық құндылықтары сеніп тапсырылған қызметкермен жұмыс істеген уақыттың барлық кезеңінде де сақталады.
  5. Осы шарт екі дана жасалады: бір данасы әкімшілікте, екінші данасы қызметкерде сақталады.

Әкімшілік

__________________________________________

(лауазымы, аты-жөні, қолы, заңды тұлғаның мөрі, күні

3. Қолдану.
Дидактикалық материалдар   

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кімдердің арасында жасалуы мүмкін?
  2. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері немен және қалай бекітіледі?
  3. Ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік деген не?
  4. Ұжымдық материалдық жауапкершілік қандай жағдайларда енгізіледі?
  5. Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кімдер белгілейді?

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

При совместным выполнении работниками отдельных видов работ, связанных с хранением, обработкой, продажей (отпуском), перевозкой или применением в процессе производства переданных им ценностей, когда невозможно разграничить материальную ответственность каждого работника и заключить с ним договор о полной материальной ответственности, может вводиться коллективная (бригадная) материальная ответственность. Коллективная материальная ответственность устанавливается администрацией предприятия по согласованию с соответсвующим выборным органом коллектива предприятия.

3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Әкімшілік сеніп (тапсырма, тапсырылған, тапсыртқыз, тапсырылды) материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз (етпеу, ету, етіп, еткен, етсе) үшін қызметкерге қажетті жағдай (жасамауға, жасауға, жасауды, жасауда, жасаудың) міндетті. Егер қызметкердің кінәсінен оған сеніп тапсырылған материалдық (құндылықтарға, құндылықтардың, құндылықтармен, құндылықтарда) сақталуы қамтамасыз етілмесе және ол (кәсіпорынның, кәсіпорынға, кәсіпорынды, кәсіпорынмен) қызметіне (зиянның, зиянын, зияның, зияны, зиянына) тигізсе, онда қызметкер белгіленген заңдарда көрсетілген тәртіп бойынша оның орнын (толтырып, толтырмайды, толтырыпты, толтырады, толтырған). Егер шығын қызметкердің (кінәсімен, кінәсінен, кінәсінде, кінәсінің, кінәсіне) болмаса, онда қызметкер материалдық (жауапкершіліктің, жауапкершілікте, жауапкершілікпен, жауапкер-шіліктер, жауапкершіліктен) болмайды.

4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады мен арасында жұмысшының кәсіпорын. Шарт дана жасалады екі болып. Бір екінші әкімшілікте қызметкерде данасы сақталады данасы. Қызметкерді таныстыру талаптарымен керек заң.

5-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Толықматериалдықжауапкершіліктуралыжазбашашарттаркәсіпорындарменмекемелерменұйымдарменсақтауғаөңдеугесатуғатасымалдауғатікелейбайланыстыжұмыстардыорындайтыннемесеоларғаберілгенқұндылықтардыөндірісүрдісіндепайдалануменайналысатынқызметкерлердіңарасындажасалуымүмкінмұндайлауазымдарменжұмыстардыңтізбесізаңменнемесежұмысберушініңнормативтікактілеріменбелгіленгентәртіппенбекітіледі.

6-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз

Сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен байланысты, әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілік туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік енгізіледі.

Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады (ортақ жауапкершілік).

VI. Сабақты бекіту: тестпен жұмыс

VIІ.Үйге тапсырма беру  

Еңбек қатынастары  туралы оқу,  жазып келу. Стиль түрлерінің ережесін білу.

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз