Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық технологияның химия сабағында тиімділігі

Туякбаева Кенжегуль Шегеевна
№ 2 Алматы мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен егіз ұғым. Соның бірі «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», « Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе,ал технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады .

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі  - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мысалы: Органикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану,дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай,көздерімен көріп жетік түсінуге дағдалынады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі-ол электронды оқулық. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Көбінесе сабақта (Экспресс–подготовка.9-11 классы) оқулығын пайдаланамын. «Ақпараттық технологиялар» терминін академик В.М.Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен байланысты процесстер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология»- мәтіндік редактор,электрондық кесте, мәліметтер базасы , графиктік  редактор,мультимедия мен коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге сабақтарын оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп,оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Ақпараттық технологияны органикалық химия сабағында қолданып, жақсы жетістіктерге жетуге болады. Оқу үдерісінде сабақты жаңа ақпараттық технологиялар негізінде, яғни, электронды оқулықпен өту, оқушы мен оқытушы үшін де тиімдірек. Мұнда оқушылар сабақ мазмұнын, яғни, лекция тезисін оқулықтан емес, компьютерлерден оқып, сол бойынша дидиактикалық тапсырмаларға жауап береді. Сабақтың тапсырмалары интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады және әр оқушы алдындағы компьютерлерден де көре алады. Төмендегі жүйені оқушы әр блокқа мұғалімнің көмегімен немесе нұсқауымен кіре отырып, қалаған тапсырмаларын орындай алады.
-    Сабақтың тақырыбы жазылған блокқа кірген уақытта, онда сабақтың тақырыбы жазылып тұрады.
-    Сабақтың мақсаты жазылған блокта  сабақтың мақсаты, міндеті айқындалады.
-    Лекция тезисі блогында лекция материалдары беріледі.
-    Ақпараттық материалдар блогында интернеттен алынған немесе қосымша  әдебиеттерден алынған материалдар енгізіледі.
-    Білім бақылау тапсырмаларында оқушылар тест тапсырмаларына жауап береді  және оның  жауабын бірден көре алады.
-    Құқықтық – нормативтік құжаттар блогында сабақтың стандарттары, типтік оқу жолдары,перспективтік жоспары ұсынылады.
-    Сабақтың типі, түрі блогында сабақтың практикалық немесе лекция, жаңа білім беру т.б. түрлерін көре алады.
-    Зертханалық жұмыстар блогүына кіргенде, жұмыстың  орындалу барысымен, қолданылатын құрал жабдықтармен танысады.
-    Жаттығу жұмыстары, есептер блогына кірген оқушы есептер шығарып жаттығу жұмыстарын орындайды.
-    Дидактикалық тапсырмалар блогына қалаған оқушы онда, кестелер, хронологиялық кестелер, сызбалар, ребустар т.б. тапсырмалар түрімен танысады.

Нәтижесінде органикалық химия пәні құзыреттілік – бағдарланған білім беру  моделін жүзеге асырудың ерекшелігіне оқушылардың түйінді және пәндік құзіреттерін қалыптастырады.

Жалпы алғанда, жаңа білім беру моделінің жүзеге асырылуы білім берудің мазмұнын жүзеге асыруға және білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Ыбыраев. «Органикалық химияның жаттығулары мен есептері» Алматы «Рауан» 1993
2. Г.П.Хомченко , И.Г.Хомченко «Сборник задач по химии»
3. Москва «Новая волна» 2006
4. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі, Қазақстан мектебі


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар