Өлең, жыр, ақындар

Мектепке дейінгі музыкалық тәрбиеде инновациялық технологияларды қолдану

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
№10 "Толқын" бөбекжайының
Ән-саз жетекшісі Баймуханова Гульбара Абуовна                                         

Салауатты өскелең ұрпақ тәрбиелеу — педагогтің негізгі міндеті. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда  инновациялық технологияны ердіруге көптеген күш жұмсалады. Сол себепті педагогтардың негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.

Ән-саз оқу қызметінде инновациялық технологияларды жүйелі түрде қолдану баланың музыкалық қабілетінің дамуы және денсаулығының нығайуын жақсартады.

Әуенді оқу қызметінде қолданылатын инновациялық технологиялар:
•    дауыс жаттығулары;
•    дем алу жаттығулары;
•    артикуляциялық жаттығулар;
•    саусақ жаттығулары;
•    өзін- өзі уқалау жаттығулары;
•    әуентерапиясы;

Әуенді оқу қызметінде инновациялық технологияны қолдану баланың жас ерекшелігіне және қызығушылығына қарай нәтижелі болады. Инновациялық технологияларда сауықтыру бағытының  болуы және педагогтың денсаулық сақтау әрекетін кешенді пайдалануы, баланы салауатты өмір салтына толық ұйымдастырады.

Инновациялық технологияларды музыкалық оқу қызметінде мынандай әдіс-тәсілдермен қолдануға болады:

Ойын тәсілі: (оқу қызметі саусақ жаттығуларын, саусақты-сөзді ойындарды, әуенді ойындарды, өзін-өзі уқалау жаттығуларын, дидактикалық ойындарды қолдану арқылы өтеді).

Көрнекілік: (суреттер, ойын құралдары, ойыншықтар, музыкалық-дидактикалық ойын құралдары, балаларға арналған музыкалық аспаптар).

Сөздік: (әңгіме құру, көркем сөздер, әндер, дауыс  және атрикуляциялық жаттығулар).

Тәжірибелік: (музыкалық әрекеттің барлық түрі).

Ән-саз жетекшісінің алдындағы міндеті:
* әр түрлі әуенді-әрекетті, инновациялық және денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып, әр баланың жас ерекшелігіне және жеке мүмкіншілігіне қарай әуенді және шығармашылық қабілетін дамыту.
*  психикасы мен денсаулығын нығайту және сақтау.
* әр баланың әсершеңді жағдайын қамтамассыз етуді нығайту.
* қоршаған ортаға, отбасына, достарына, өзіне деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру.
* Балалардың денсаулығын сақтауда, аурудың алдын алуда, ата-аналармен байланысты нығайту.

Әуенді-сауықтыру жұмысының жүйесі әрбір оқу қызметінде келесі инновациялық технологияны қолдануды ұсынады:

Дауыс жаттығуы. Дауыс жаттығуының мақсаты: ән айту алдында дауыс желбезегін оятып әзірлеу, дауыс ырғағын келтіру. Баланың дауысын ән айтар алдында дауыс жаттығуымен оятып аламыз, осы кезде дем алу жаттығуын да қолдануға болады, дұрыс дем алуды, интонацияны, дыбыс құруды  ұзақ, созыңқы ауа шығаруды, ерін бұлшық етін шынықтыруды дамытады.

Дем алу жаттығуы. Дем алу жаттығуы балаларды мұрынмен дем алуға дағдыландырады, бұлшық етті жаттықтырады, өкпе желдетілуін жақсартады, қанның оттекпен қанығуын, ішкі ағзаларды уқалап емдеуді жүзеге асырады, жүрек, қан  тамырлар жүйесін машықтандырады, дұрыс дем алу, интонацияны, дыбыс құруды, артикуляцияны, ұзақ, созыңқы ауа шығаруды, ерін бұлшық етін, бір уақытта дауысты дыбыстарды айтуды жаттықтырады,.

Артикуляциялық жаттығулар. Артикуляциялық жаттығулар артикуляциялық мүше-лердің сапалы қимылын шынықтырады, тіл аппаратын жаттықтырады, әуенді еске сақтауды, ырғақ сезімін дамытады. Осының нәтижесінде баланың тіл байлығы, ән салу дағдысы, әуенді есте сақтау қабілеті, назары  жақсарады.  Баланың тілі жаттықпаған, олар әннің сөзін толық айтпайды, әріптерге тілдері келмейді, сондықтан баланың тілін дамыту үшін, жаңа әнді үйренер алдында, дауыс жаттығуымен қатар артикуляциялық жаттығуды қолданамыз. Жаттығу баланың тілін, ернін жаттықтырады.

Саусақ жаттығулары, саусақты - сөзді ойындар. Қолдың ұсақ бұлшық еті баланың тілінің дамуына, сурет салуына, жазуына әсер етеді. Саусақ жаттығулары мен ертегілер музыкалық оқу қызметінде маңызды орын алады.  Ал саусақ жаттығуларын ырғақты билерде, қимылды қозғалыс ойындарында, қуыршақ ертегілерін көрсеткенде, драматизация кезінде қолданамыз. Саусақ жаттығулары баланың саусағының ұсақ бұлшық етін дамытады. Баланың алақаны мен саусақ ұштарын уқалау жаттығуларын қолданған кезде, баланың сөзі, қимыл- қозғалысы,  қол саусақтарының координациялық қабілеті (сурет салу, жазу) дамиды.

Өзін-өзі уқалау жаттығулары. Бала өзін-өзі уқалау жаттығуын ойын ойнағанда үйренеді, жаттығулар ішкі ағзаларға: жүрек, өкпе, бауыр, ішек және дененің биологиялық белсенді нүктелеріне әсер етеді. Өзін-өзі уқалау жаттығуы баланың денсаулығын нығайту үшін қолданылады.                

Әуентерапия. Бұл-психотерапия әдісі, әуенді әсершіл қабылдауға негізделген. Балаларға классикалық және бесік жырын тыңдау пайдалы, себебі бұл әуендер балаларды дамытып, оларды сауықтырады. Дұрыс таңдап алынған әуенді тыңдау баланың иммунитетін көтереді, қозу, тырысуын төмендетеді, демді қалыпқа келтіреді. Әуентерапиясы баланың денсаулығын сақтау үшін қолданылады. Әуентерапиясы арқылы көптеген мәселені шешуге болады, әуен баланың психикасын қорғайды, баламен баланың, баламен ата - ананың арасындағы байланысты жақсартады. Әуентерапиясын педагогтар балабақшада күні бойы қолданулары керек. Ертемен баланы қабылдаған кезде мажорлы әуенді, баланы ұйықтатар алдына «Әлди» әуенін, ал ұйқыдан тұрған кезде баланы оятатын жәй, нәзік әуенді қосып қоюға болады, оқу қызметі кезінде де пайдалануға болады. Әуентерапиясын өткізген кезде тыңдалатын әуеннің сапасы жақсы болуы керек, ол әуенді баланы зорлап тыңдатпай, оны ойын түрінде қолданып баланы қызықтырып білу керек. Әуентерапиясына классикалық әуендерді алған дұрыс, себебі классикалық әуендер күрделі болғанымен баланың миына, резонансқа әсер етеді.

Мысал: неміс композиторы Иоганнес Брамс «Колыбельная»; (балалар классикасы), австриялық композитор Франц Шуберт «Аве Мария» тыңдатуға болады.

Ал ауыр рок музыкасы баланы стресске әкеледі. Егер де балаға классикалық музыка ұнамаса, заманға сай көңілді әуендерді тыңдатып, қолдарына орамал, гүл беріп билетуге болады. Топтарда  әуенді «Дәріханалар» жасап қоюға болады, дәріхананың ішіне Құрманғазы, Дина, Л.Хамиди, Бах, Бетховен, Шуман,Чайковский шығармалары болуы тиіс. Сонымен қатар табиғат, (жаңбыр, теңіз, жапырақтың, желдің) дыбыстарын да пайдалануға болады.Ән-саз жетекшісі өз жұмысында инновациялық үлгілер мен технологияларды пайдалануы  тәрбие мен білім беру жүйесіннің нәтижесін арттырады, педагогтар мен ата- аналар арасында құндылық бағдарды қалыптастырады, осы жасалған жағдайлар тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған.   


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар