Қысқа мерзімді жоспар
8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу |
Мектеп: 51 орта мектеп |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сегизбаева Асия Елдібайқызы |
|||||
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Үшбұрыштың тамаша нүктелері ББЖ |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар: 8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктіктер және орта перпендикулярдың қасиеттерін білу және қолдану. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады. |
|||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: — Медиананың қасиеттерін біледі және қолдана алады; |
|||||
Тілдік мақсаты |
Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктің анықтамаларын ауызша беру; үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін қолданып шығарылатын есептерді түсіндіру. Диалогқа қажетті тіркестер Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарам-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді; Үшбұрыш биссектрисасы — бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр; Орта перпендикуляр (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің оратсы арқылы өтетін түзу |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады |
|||||
Пән аралық байланыс |
Өмірде қолдана білу |
|||||
Бастапқы білім |
Үшбұрыш. Үшбұрыш орта сызығы. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
|
Үшбұрыш элементтерін еске түсіреміз (төбелері, қабырғасы) |
|
||||
Сабақтың ортасы |
Жаңа білім беру І. Үшбұрыштың биссектрисасы Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі үшбұрыштың биссектрисасы деп аталатыны белгілі. Үшбұрыш биссектрисаларының қиылысу нүктесі үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі болады. ІІ. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикуляр Анықтама. Кесіндінің ортасы арқылы оған перпендикуляр өтетін түзуді кесіндіге орта перпендикуляр түзу дейміз 16-теорема. Кесіндіге орта перпендикулярдың кез келген нүктесі осы кесіндінің ұштарынан бірдей қашықтықта жатады. 17-теорема(кері теорема) 18-теорема. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады. ІІІ. Үшбұрыштың биіктіктері 19-теорема. Кез келген үшбұрыштың биіктіктері бір нүктеде қиылысады. Үшбұрыштың төрт тамаша нүктесі бар: 1) үш медиана бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ауырлық центрі болады; 2) үш биссектриса бір нүктеде қиылысады, ол нүкте іштей сызылған шеңбердің центрі болады; 3) үш биіктік (немесе олардың созындылары) бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ортоцентрі деп аталады; 4) үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген үш орта перпендикуляр бір нүктеде қиылысады, ол нүкте сырттай сызылған шеңбердің центрі болады.
Жаңа білімді бекіту. Тапсырма топпен орындалады, мұғалім көмекті қажет ететін оқушыға қолдау көрсетеді 1 тапсырма. АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер. АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
2 тапсырма. АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер. АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады. Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
3 тапсырма. АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар. АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады. Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
Бағалау критерийлері: Үшбұрыш медианаларын дұрыс жүргізеді Үшбұрыштың тірек нүктесі (үшбұрыштың тамаша нүктелері) дұрыс анықталған Үшбұрыш биссектрисаларын дұрыс жүргізеді Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрін дұрыс анықтаған (тамаша нүкте) Үшбұрыш биіктігін дұрыс тұрғызады Үшбұрыш биіктіктерінің қиылысу нүктесін дұрыс анықтайды (үшбұрыштың тамаша нүктелері) Үшбұрыштың орта перпендикулярларын дұрыс тұрғызады Үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысу нүктесін дұрыс анықтайды (үшбұрыштың тамаша нүктелері) Сергіту сәті. Бесбұрыш |
|
||||
Сабақтың соңы |
ББЖ жазу |
|
||||
|
Бес саусақ Мен бүгін мынаны білдім… Мен мынаны байқадым… Маған мыналар қызық болды… Мен мыналарды тағыда тыңдағым келеді… Тапсырманы орындауда маған мыналар көмектесті… |
|
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Білім алушылардың қажеттілігіне қарай тапсырма беру арқылы саралаудың «тапсырма» тәсілі, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы саралаудың «қарқын»тәсілі жүзеге асады. |
Бағалау критерилерін пайдаланамын, Кері байланысқа Бес саусақ әдісін пайдаланамын. Сабақ соңында бөлім бойынша жиынтық жұмыс жаздырамын. |
Дұрыс отыруын қадағалау;Білім алушылар сергіту сәтінде «Бес бұрыш» дене жаттығуын жасайды |
||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі