Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайынды ауылы
«Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі
Есенбаева Айнура Есенбаевна
Бала тәрбиелеу — шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу.
Лев Толстой
Балалардың өмірге бейімделуі мен қалыпты жетілуіне айналадағы адамдардың үлесі зор.
Бала мінезіндегі өзгерістеге дер кезінде тоқтауыл жасап, олардың іс әрекеттерін бақылауда ұстап олардың өтірік айта бастауы, ұрлық жасай бастауы мұның бәрін ата анасымен бала өміріне тікелей қатысы бар адамдардың қадағалауында болып ескеріліп қаралған жөн. Балаға мынау мінезі ауыр бала немесе істеген қатесін барынша нұқып көрсету дұрыс емес. Қателігін көрсету мен түсіндіру кезінде барынша мұқият болған жөн. Әр бір балаға тұлға ретінде қарап, бала ретінде сөйлескен дұрыс.
Бала тәрбиесінің бұзулуы балаға деген мейірімнің дұрыс жетіспеуінен қалыптасады.
Баланы мейірім беру оны еркелетіп барлық тілегін орындау емес.
Бала мінезінің қиын болу себептері:
1. Отбасындағы ата-анасы мен басқа да бірге тұратын адамдар ықпалына.
2. Әлеуметтік жағдайына.
3. Баланың қоныс аудару барысында қалыптасқан адаптациялық кезеңге.
4. 7-9 жас аралығындағы балалардың миына керек емес информациялардың қабылданбауы үшін теледидар, музыкалар тындауына жоғары мән беру қажет.
5. Айналасындағы балалармен араласу барысында олардың отбасылық психологиясын қарау.
Баланың дұрыс қалыптасуы анасының көңіл күйіне байланысты. Ананың дені сау, мінезі дұрыс, және аяғы ауыр кезінен бастап өз психологиясын дұрыс жетілдіріп (балаларға арналған кітаптар, көңілді әуендер) қарау арқылы, ананың дұрыс көңіл күйде болмауы оның мінезідегі барлық қасиеттер балада қалыптасады. Неше түрлі жүйке ауруларына әкеп соғады.
Қазіргі таңда әкесімен анасы арасында әлеуметтік жіктелу көп мысылы:
Сонымен бір қатарда толық емес отбасында қалыптасқан балалардың жіктелуі.
Сен кімнің баласысың?
Мен сені әкеңнен артық жақсы көрем.
Мынау сенің әжең ол саған қарамайды ол басқа немересі бар т.б сол сияқты мағынасыз жіктеулер бар. Ересек адамдар өз мүддесі үшін кішкентай баларды пайдаланды. Бұл процесс баланың өзіне деген сенімсіздігін тудырады. Оның бойында жіктелуді комлексті болып қалыптасуды тоқтадады, ұяңдыққа, шеттеп қалуға әкеледі.
Қазіргі таңда бұндай балалардың саны көп мысал ретінде алсақ бастауыш бір сыныптың 47% ұяң балалар құрайды. Әр бір сәби өмірге келгенде оның бойында жасырын рефлекстер болады
Бұндай жағдай болдырмау үшін бала бойындағы доминатты және рессицепти рефлекстерді ояту керек. Ол рецессивті рефлекс баладағы туа пайда болатын мінез құлық оның бойындағы бейімдеушіліктің жасырын, уакыт өте қалыптасу қасиеті. Баланың сурет соғуға, ән айтуға, жаттап алуға деген қасиеттерін шығаруы, доминатты рефлекс жүре пайда болатын қасиеттер бала бойына осы рефлексин дұрыс ояту керек. Бұл күрделі процесс. Баладағы жасырын мінез құлык оның сыртқы ортамен байланысының дұрыстығына әкеледі. Рецессивти рефлекстер бала бойындағы рухани дүниесінің негізін қалайды. Бұл баланың жан дүниесінің тазалығмен оның өмірге деген алғашқы және маңызды фундаменті.
Бала отбасындағы әлеуметтік жағдайда көп ретте баланың өтірік сөйлеп, ұрлық жасауына әкеледі. Сондықтан ата -ана бұл жағдайда балаға ашық, анық бәрін түсіндіру керек.Әлеуметтік жағдайда баладағы еркелікті ақыл мен жойған дұрыс. Еркелік салдары көптеген қателіктерге келеді. Осы жағдайды болдырмау үшін қандай шаралар қолднылады. Ата- ана өзінде барымен тең бөлісуі баланы: қанағатқа, төзімділікке, ысрапшылықтан сақтануға үйрету. Бұл кезеңде баларды міндетті түрде педогог немесе психологтар көмегімен шешкен дұрыс
Баланың жас ерекешелігіне қарай 5-7 жас аралығында балаларға әр-түрлі тренингтер өкізу арқылы. «Ертегі еліне саяхат», «Мен өскенде кім болам», «Анама үйде қандай көмек беремін» т.б сол сияқты ойындар арқылы. Дұрыс бағдар беруге болады. Балаға деген сенімділік оның бойындағы жеке қасиеттерін ашады.Ортаға бейімделуге, сыйлауға үйретеді.
Баланың қоныс аудару барысында пайда болатын адаптациялық кезең оның бойындағы домиинанты рефлексти қалыптастырады. Осы рефлексти белгілер оның дұрыс жетілуне ықпал жасайтыны анық. Адаптациялық кезең балада әр қалай өтеді. Балалар дұрыс емес, қате әрекеттерді тез қабылдайды.
Бұл кезеңде де бала үшін жан жылуы көбірек қажет. Балаға дауыс көтеру арқылы емес жәй сөзбен түсіндіріп үйретен жөн. Бұндай іс әрекетті ерте кезден бастау керек Балаға деген айқай-шу да үйрету ол жүйке жүйелерінде сол шартың орындалуына үйретеді. Баланы қырсықтыққа, өзімшілдікке тәрбиелейді. Баланы бұндай кезеңде мінез құлықтарында түсіністікпен қарау керек.
Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.
Антон Чехов
Жаңадан келіп үйреніп жатқан балада адаптациялық кезең тек бір жақты қарым-қатынаста болмайды. Ол жан-жақты баланың ортаға үйренуі.
Бұл кезеңде педогогтан талап ететілетін: балаға деген жылы қарым қатынас, мейірімнен бөлек, бейімделіп жатқан балаға өз мінезін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер мысалы: топ болып ойындар ойнау, ән айту ең маңыздысы баланың көңіл күйі. Баладағы негізгі жеке қасиеттері бағаланады.
Балардың жас мөлшері 7-9 жас аралығындағы балалар негізіннен өте зейіді келеді .Бұл жаста балаға үш тілді анық меңгеруге қабілетті болады. Бала бойындағы қиын мінезді қалыптастыратын негізгі фактор сол сыртқы ортадан көп инфармация алуы яғни оның қызығушылығының артуы мен көптеген сұрақтар оларды ойландыра бастайды. Теледидарлар мен музыкалардың дұрыс бағытталғаны. Тәртіппен қадағалағанда ең маңыздысы баланың қабылдауы мен ұғынуына мән берілуі керек.
Бала үшін ең маңыздылардың бірі оны дұрыс тамақтандыру, киіндіру, жуындыру іс қимылдары. Баланы тазалыққа үйрету арқылы оның тәртібінде кемшіліктерді жоя бастаймыз мысалы: қолыңды жуу, шашынды тарап қарашы сен қандай әдемі көрінесің деген сияқты сөздер арқылы баланның эстетикасын қалыптастырамыз. Оның бойында өзіне деген құрмет пайда болады.
Айналасындағы заттарға дұрыс көңіл бөледі. Тазалық еңбек етудің ең қарапайым формасы. Адамды адам ететін еңбек. Сол себепті алғашқы қадамдарды тазалыққа бейімдеу керек.
Тазалық бар жерде тәртіп болады, тәртіп бар жерде білім болады.
Баланың отбасында ата-анасы немесе туыстары тарапынан жіберілген кемшіліктер немесе қателіктер үйдегі жағымсыз әсерлер ішімдікке, шылым шегетін немесе басқада психологиялық жат мінез құлықтағы ата-ана образдары ол өте күрделі.
Балаға теріс жат іс ірекетті миына сіңдіреді.
Отбасындағы бұндай жағдайда ата-анасына кәмелет жасқа толмаған балалар құқықтарын қорғау үшін инспекторлар құрылып ата-анаға қатаң шаралар қолдануы немесе ата-аналық құқықтарынан айыру көзделген. Мұндай шараны дер кезінде қолға алмаса балалар өмірі үшін және қоғам үшін өте қауіпті. Ата ана бойындағы теріс мінездер баланы моральдік жығады мұндай балалар өте ауыр, қиын келеді бұндай балалар қоғамға бейімделе алмайды мінездері тұйық, сенімсіз, әлсіз болып басқа балалармен де араласпайды. Олармен жұмыс жасау өте күрделі. Қандай проблемалы балалар болсын ең мағыздысы онымен тұлға ретінде сөйлесу, кемшіліктерін рухани тұрғыда шешу. Рухани жұмыс жасау бала жанының пәктігін оның жағдайын, тазалығын, көз қарасындағы кемшіліктерімен артықшылықтарын талдау, қоршаған ортаны жақсы көруге, әдемілікке бейімдеу.
Ондай балалармен көп сөйлесу керек, баланың қызушылығын қалыптастырып, суреттер, спорт ойындар логикалық ойындар, әуендер тыңдату арқылы оны жан жақты көз қарасын пайда етуге болады.
Ата анасы күрделі балаларды қоғамға бейімдеуде көптеген психологиялық тренингтер өткізген жөн. Бала бойындағы сенімсіздікті жойып ата-анасының қателіктерінен ұялмайтындай болуы үшін балаға көп мейірім қажет. Көңіл күйі дұрыс болуы үшін балаға қызыл, ақ және жасыл түстермен сурет салдыру, жатын бөлмесінде ақ түстердің көп болуына ерекше мән беріледі. Бала түстер арқылы өзін қалыпты сезеді.
Қиын мінезді балардың көбісі өз жасына лайықты емес мағынасыз әуендер тыңдайды мұның себебі өз бойындағы процессті осы әуен арқылы тыныштандырғысы келеді. Бірақ бұл қателік, себбебі бала өзіне керек дүниені таба алмағандықтан осындай шараларды іздейді.
Ол бала психологиясындағы өзін-өзі қорғау әрекеттері болып саналады.
Бұндай мағынасыз музыкалар баланы одан әрі шаршатады. Бұлардың барлығын болдырмау үшін адемгершілік, сыйластық, сенімділік қасиеттерін қалыптастыру керек, жағымсыз әуендер орнына ертегілер, қисса әңгімелер айтылады.
Бала адемгершілікті бойына сіңірген сайын өзінің жат мінез құлықтарын түзете бастайды. Өзін-өзі тануға тырысады.
Бала бойындағы ең қиын мінездерден арылуы үшін балның жан дүниесімен бойында жасырнып жатқан ерекше мінездерін дамыту керек.
Әр бір бала тұлға оның бойында ешқандай теріс мінез жоқ. Бұндай мінездер жүре пайда болады. Барлық уақыт балаға отбасы болып, қоғам болып дұрыс өнеге көрсетсек жаман мінез, қиын бала деген терминдер болмас еді.
Бала бойындағы рессицити рефлексті шығару оны қоршаған ортаның қауіптерінен сақтайтын ең маңызды фактор.
Балаларға ұлттық тәрбие беру тілімізді, әдебиетімізді, тарихымызды қастерлеуге отан сүйгіш рухта тәрбиелеу керек.
Отан от басынан басталады. Отбасымыз берік болса - баламыз бақыты болады. Баланың болашғына немқұрайлы қарамау керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі