Нұр-Сұлтан қаласы №88 мектеп-лицейі
Математика мұғалімі Абдыкаримова Алия Кажикеновна
Сабақ тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
6 сынып. Математика
Пән мұғалімі: Абдыкаримова Алия Кажикеновна
Жалпы мақсаттар: Оқушыларды сызықтық функцияның графигі бойынша формуласын жазып, графигін салуға үйрету. Өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту.
Сілтемелер: Күнтізбелік жоспар, 6 - сынып математика
Түйінді идеялар: Сызықтық функция - графигі түзу сызық
Оқу нәтижелері:
- сызықтық функция анықтамасын біледі
- графигін сала алады
- график бойынша формула жаза алады
- коэффициентін анықтайды, таба алады.
Көрнекіліктер: слайд «Сызықтық функция және оның графигі», сызғыштар, үлестірме материалдар.
Дереккөздер: Электронды оқулық - 6 сынып, оқулық Математика - 6 сынып.
Әдіс-тәсілдер: Жекелей, жұптық, топтық, «Сұхбаттасатын жұп», «Ой қозғау», «Постер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Конверттік есеп», «РАФТ», «Серпілген сұрақтар»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ұйымдастыру (2 мин)
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу
- кезекшілік қызметін қадағалау;
Сыныпта жағымды ахуал туғызу: «Шаттық шеңбері».
Сыныпты топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: (2 мин)
«Сұхбаттасатын жұп» бойынша үй тапсырмалары тексеріледі.
Жаңа сабаққа даярлық (5 мин)
«Ой қозғау»
Жаңа сабаққа дайындық есебін ұсынамын.
Жаңа сабақ (10 мин):
Бүгінгі сабақта нені білетін боламыз?
Сабаққа мақсат қою.
Сұрақ-жауап:
Координаталық жазықтық ұғымы.
Функция дегеніміз не?
Функцияның графигі дегеніміз не?
Функцияның графигі қандай түрде беріледі?
Математикалық диктант. «Миға шабуыл»
1. Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функция деп атайды
2. Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады
3. Тәуелді айнымалы функция деп аталады
4. Функцияның берілу тәсілдері: формуламен, кестемен, график түрінде
5. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады.
6. Функцияның мәндер жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады.
1-топқа: Оқушы Х дәптер мен альбом сатып алмақшы. Егер бір дәптер 50 теңге, ал альбом 300 теңге тұрса, оқушы барлық сатып алатын заттарға қанша ақша төлеу керек ?
2-топқа: Қоймада 5 тонна картоп болды. Қоймаға күнде 3 тонна картоп әкелініп тұрды. Барлығы қанша тонна картоп болды?
3-топқа: Саяхатшы А қаласынан В қаласына дейін 220 км жол жүрді. В қаласынан оң бағытқа бір сағатта 70 км жол жүрді. А қаласынан 4, 6, 7 сағаттан кейін арақашықтығы қанша болады ?
4-топқа: Дүкенде 270 кг қант бар еді, оған күніне 150 кг қант әкелініп отырды. Дүкенге х күн қант әкелініп отырды. Онда неше кг қант болды?
Тапсырма:
1. Сызықтық функция графигін салу және айырмашылықтарын түсіндіру.
2. Сызықтық функциялардың графиктерін координаталық жазықтықта салу. Графиктердің өзара қиылысу нүктесін табу.
Сергіту сәті: Дене қимыл жаттығуларын жасау.
Cөзжұмбақ : “Шартараптан”
Жаңа сабақты бекіту: (15 мин)
1) «Конверттік есеп» таратылады. №1329, 1330, 1331 тапсырмалар орындау
2) «РАФТ» әдісін пайдаланып, оқушыларға сызықтық функция тақырыбына шығармашылық есептер құрастыру. /Топ бойынша құрастыру./
Қорытындылау (5 мин)
«Серпілген сұрақтар» әдісі бойынша сызықтық функция тақырыбын қорытындылау:
1. P=2(a+b), S=ab түрінде берілген теңдіктерді қалай атаймыз?
2. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады?
3. Жазықтықтағы нүктенің орнын табу үшін нені білуіміз керек?
4. Шеңбер сызуға арналған құрал қалай аталады?
5. Координаталық жазықтықтағы горизонталь ось қалай аталады?
6. Координаталық жазықтықты құрайтын түзулер өзара қалай орналасады?
Үй тапсырмасы (2 мин): №1319
Рефлексия (1 мин)
«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасалынады. Сабақ соңында стикер жазып жабыстырады:
Қызыл - орындай алмаймын. Сары - сенімді емеспін. Жасыл - орындай аламын.
Сызықтық функцияның формуласын білемін . Оның графиктерін сала аламын.
Графигі бойынша формуласын құрастыра аламын. Берілген суреттерден сызықтық функцияның графиктерін таба аламын.
Бағалау (1 мин)
Топтар бір - бірлерінің жұмыстарын бағдаршам, смайликтер, стикер, бас бармақ арқылы бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. Мұғалім бағалайды. (Жиынтық баға)
Рефлексия есеп. Бұл сабағымды 6 сыныппен өткіздім. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін « Шаттық шеңбері»тренинг өткіздім. Сабағымды Блум таксономиясына сүйене отырып құрдым. Білу математикалық диктант «миға шабуыл» анықтамаларды толықтыру. 4 топқа жеке –жеке есеп берілді. Әр топ шығарып болған соң тақтаға шығарып, тексерді. Келесі түсіну кезеңі сызықтық функция графиктерін салу және айырмашылықтарын түсіндіру. Әр топ постерге салып қорғады. Топ басшысы өз тобына түсіндіріп отырды. Сергіту сәтінде дене қимылын жасап және логикалық есеп шешті. Қолдану кезеңіне кітаптан шығардық. Талдау кезеңінде нүктелерді табу арқылы оқушылар ұшақтың суретін салды. Оқушылардың алда алатын асулар алда болғандықтан ұшақты соған теңедік. Жинақтау кезеңінде сөзжұмбақ «шартараптан» шештік. Бұл жерде үнсіз оқушының өзі жатап жұрген ережелерін естеріне түсіреді. Бағалаудың мақсаты ретінде: оқытудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс, уәжді аламыз. Ынталандыру ретінде көбінде мадақтау қажет..Мұғалімнің оқушы өміріндегі әрекеті сабақ берумен шектелмейді, сол сияқты мұғалім оқушының дұрыс жол көрсетушісі және бағыт берушісі . Себебі оқушыларым сұрақтарын еркін қоя алады, таңдау кезінде еркіндік танытты, өздерінің жеке тұлға екендігін сезінді, өз ойларын саралай жеткізе білді. Шәкірттеріме берген білім ақылына сай, талаптарын шаттандыратындай, ойын оята аларлықтай, бастаған ісінің нәтижесіне жетерліктей нәрлі болу керек деп есептеймін.Бұның нәтижесінде оқушылардың білімге қызығушылығы артып өз беттерімен ізденуге мүмкіндік жасайды.Ойын тақырыбы мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де көтеріледі. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту өте тиімді, әрі нәтижелі болмақ. Дарынды және талантты балалардың білімдерін шыңдау мақсатында оларға жекеленген күрделі есеп берілді.Бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды, топтық бағалау, бағалау критерийі арқылы, бағалау парақтары арқылы бағаладым.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі