Орал қаласы
№48 «Мұрагер» бөбекжайы дефектологы
Жандауова Гүлнафис
Соңғы уақытта балалар тілінің кеш жетілуі арнайы педагогикада және жалпы психологияда өзекті тақырыптың бірі болып отыр. Барлық сөйлеу тілінің жетілуі, онтогенезбен, адамның тұрмыс-әлеуметтік себептерімен дамитынын сөйлеу тілін зерттеуші мамандар айтып өткен. Еш адамзаттың сөйлеу тілі туа бітті процесске жатпайды. Балалардың сөйлеу тілінің дамуын екі кезеңге бөлеміз: бұл, сөйлеу тілі жетілгенге дейінгі кезең (бір жасқа дейінгі аралық) және сөйлеу тілі жетілгеннен кейінгі кезең (баланың бір сөзбен өз өтінішін, сезімін білдіре алу уақыты).
Баланың сөйлеу тілінде сөздік қорының толуы жайлы мынадай сандық ақпарат арқылы кезеідерін анықтаймыз:
1. Уілдеуі: 2-3 жаста (к-х-г дыбыстары) арқылы.
2. 6-8 айлығында: ( ба;-ма;-па;) буындары арқылы былдырлау.
3. 1 жас 7 айлығында: (10-15 сөз) айта білуі.
4. 2 жасында: (150-200) белсенді сөздік қоры.
5. 3 жасында: (300 сөз) белсенді сөздік қоры болуы тиіс.
3 жастан аса бастаған балалардың тілдік дамуында грамматикалық құрылымы реттеле бастайды. Бала қалауын және ойын бір сөйлем ретінде айта алуы тиіс
Егер, 3 жасқа дейін бала ешбір сөзді айта алмаса, логопед маман кеңесіне жүгіну немесе үйде ата-ана өзі жұмыстануы қажет. Мұндай балалармен жұмысты бастамас бұрын, ересектердің нұсқауын түсіне білуге және айтылған тапсырмаға назар сала алуына жұмыстану қажет.
Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстар:
1. Балада былдырдың бар екендігіне назар аудару қажет. Былдыр - дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркесінің пайда болуын айтамыз. Балаларға жануар мен құстардың дыбыстауына еліктетіп, былдырлауға үйретіп алу қажет. жан-жануарлар мен құстардың суретін көрсетіп, қалай дыбыстайтынын сұрау арқылы ойналады.Мыс.: «ав-ав», «мө-мөө», «мияу» т.б.
2. Ескере кететін жайт, балалар бастапқыда сөзді өзінің мүмкіндігінше буын немесе былдыр арқылы жеткізуі мүмкін . бұл уақытта баладан дұрыстап сөйлеуді талап етпеген жөн. Өйткені , бала сөздің кейбір бөлігін айту арөылы да жақсы сөйлеп кететінін де назарда ұстаған жөн.
3. Әр күні баламен дыбыстық тыныс алу жаттығуларын ұйымдастырған жөн. Баламен жұмыс барысында эмоционалдық көңіл-күйіне және ойын барысында көрнекіліктің сәйкес болуына мән беріп отыру керек. Ойын барысында , гүлдерді иіскеу; алақанды қыздыра үрлеу; « бала қалай жылайды?» (а-а-а) дыбысын соза айту; « жел қалай сыбырлайды?» ( с-с-с) дыбыстарын соза айтуға дағыландырған жөн.
4. Тілге арналған жаттығуларды бірігіп жасап отырған қызықтырақ. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Күніне таңертең және кешке бірге жасаған жөн. Баламен жаттығу қызықты болуы үшін ойын түрінде өткіземіз.
«Түтікшемен шырын» Жемістен тәтті шырын жасап, оны түтікшемен сорып ішуге үйрету. Шырын ішіп болған соң, алғыс ретінде жымия күлуді сұрау, бұл, езуге арналган артикуляциялық жаттығу.
«Щетка» Тіліміздің ұшын щетка ретінде пайдаланып, тісіміздің алдын, жанын тазалау
5. Дауысты дыбысқа екпін қоя отырып, дыбысты ұзақ созу арқылы тыныс бұл ретте «лото» карточкаларымен өткізсе көңілді болмақ. Мыс.: «көөөз, ерііін, қооол»т.б; дауысты дыбысты соза отырып, бала тыныс алуына жақсы мүмкіндік ашамыз.
6. Қол моторикасын дамытуға арналған жұмыстарды отбасымен бірге ойын түрінде өткізу. Мыс.: ермексазбен, қамырмен, саз балшықпен мүсіндеу жұмыстары, арнайы бау өткізетін көзі бар ағаштармен ойыншық, пазлы немесе балаға өз-өзіне қызмет ету дағдысын өалыптастыру ретінде киініп-шешінуді үйреткеннің маңызы өте зор.
Балалардың мектеп жасына сай ақыл-ойы мен мінез-құлықтарының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Әр ата-ананың басты міндеті-ерте жастан балалардың қандай да бір тілінің кешеуілдеуін байқаса, арнайы маман көмегіне жүгінгені абзал. Тек, ата-ана мен арнайы маман байланыста бола отырып, екі жақты жұмыс жүргізілгенде ғана баланың ерте жас бұзылысын тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік бар екенін ұмытпаған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Л.П. Голубеева « развитие неговорящих детей» Владос, Москва 2005г
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі