Өлең, жыр, ақындар

Ақиқатты іздеу жолында

Түркістан облыс Созақ ауданы Шолаққорған ауылы
«А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі
Өзін-өзі тану мұғалімі Жұмаділдаева Назым Қасымқызы

Күні: 2.09.2020ж               Сыныбы: 6 «А», «Ә», «Б»

Тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында (1)

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу.        

Мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.

Міндеттері:

1. Білімділік: : - Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету;

2. Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау; 

3. Тәрбиелік: - өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.  5 Т – ережесі:Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулық, Талап.     

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».    

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға  бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы  нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

2. Сабақтың дәйексөзі.  (Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады» Мақал.

  Адам анадан туғанда жаман болып тумайды, пендешіліктен жаман қасиеттен таза, пәк болып туады, жаман қылықтың бәрі оның бойында жүре пайда болады, ол өзіне ғана емес, өзі өсіп-өнген, өмір сүрген қоғмға, өзін қоршаған адамдарға да, отбасынан алған тәлім-тәрбиеге де байланысты.

3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).   Адам адамгершілігінің негізі жөнінде.

Сұрақтар:

   - Ақиқат дегенді қалай түсінесіңдер?

   - Ертедегі философтар неліктен ақиқат пен бақытты адамның рухани өзін-өзі жетілдіруінің негізі деп санаған?

   - Шоқан ақиқатты ең жақсы игілік ретінде қарастыру арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

   - Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп атауға бола ма?

   - Шоқанның «кез келген жағдайда да адам болып қалу» деген ұстанымын қалай түсінесіңдер?

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

 1-тапсырма. Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табыңдар.

Ұғым

Анықтамалары

1.Адамгершілік

2.Адамзат

3.Ақиқат

4.Ізгілік

5.Игілік

в) Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. 

б) Бүкіл адам баласы

г) Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі

а) Адамдаға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.

 ә) ырыс, несібені, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректік, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік,адамзат бақыты, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.

3-тапсырма. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 32-қарасөзінен берілген үзінділер бойынша өз ойыңды ортаға сал.

   - ...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбеу керек.

   - Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

5. Топпен ән айту.         «Мейірімді болайықшы ағайын»  Сөзі: С.Қали.  Әні: Қ.Махан 

 

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,                          Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

 Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.                         Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

 Өшігуді қояйықшы өзгеге,                                       Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

 Кешірімді болайықшы, ағайын!                               Тілейікші өзгеге де, болса деп!

 

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,                          Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

 Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.                       Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып

 Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,                        Қаратайық Құбылаға жүздерді,

 Мейірімді болайықшы, бауырлар!                          Таратайық адамзатқа жылылық

 

Болашаққа қол ұстасып барайық,

 Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

 Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

 Кішіпейіл болайықшы, халайық!

6. Үй тапсырмасы.

1. Қазақ ақыны,ойшыл Шәкәрімнің «Бар ғылымның түп атасы-таза ақыл мен ойлану»деген ойын өз ойларыңмен толықтырып жазыңдар.

7. Сабақтың қорытынды сәті.  

  Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, барлығымыз бірге

   Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.                                                                                      

   Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

 

Күні: 11.09.2020ж               Сыныбы: 6 «А», «Ә», «Б»

Тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында (2)

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: адалдық, жауапкершілік,татулық

 Мақсаты: оқушыларға елге, өз-өзіне адал қызмет ету туралы  түсіндіре отырып, ақиқат  құндылығының мәнін ашу.

 Міндеттері:

 Білімділік: оқушыларға Отан, қоғам ұғымын ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

 Дамытушылық: оқушылардың Отанға, қоғамға өз- өзіне деген адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

 Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, татулыққа жауапкершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.  5 Т – ережесі :Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулық, Талап.     

     Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына саяхатқа» барамыз.

(Қолдарыңды үстел  үстіне қойып, аяқтарыңды айқастырмай, арқаларыңды тік ұстап, жайлы отырыңыздар.) Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.  Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы  тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын сұрау. «Бар ғылымның түп атасы-таза ақыл мен ойлану»деген ойын өз ойларыңмен толықтырсаңдар оқып айта қойыңдар. Кім оқиды?

2 .Сабақтың дәйексөзі.  (Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ең әуелі өз-зіңе адал бол. Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың.Ұлы бітімдердің бәрі-білікті, адал, сыпайы адамдар.

  Нельсон Мандела

 Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті . Апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы. Саяси тұтқын ретінде 27 жыл 6 ай 6 күн абақтыда отырып шыққан. Сонымен қатар, ол 1993 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері болып табылады.       

      Оңтүсік Африка Республикасында Нельсон Мандела Мадиба деген атпен танымал.Оңтүстік Африканың ең ұзақ өмір сүрген президенті: 95 жыл өмір сүрген.

3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ақиқат айнасы (аңыз)  Ғалым Бақыткерейұлы

          Сұрақтар:

   - Балалар арасында айна үшін туған үлкен даудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

   - Аңыз неліктен «Ақиқат айнасы» деп аталынған?

   - Өзіңнің күнделікті өміріңде осындай ақиқат айнасы керек пе? Неліктен?

   - Өзің ақиқат айнасынан нені көргің келеді?

   -Ақиқатқа апарар жол қандай деп ойлайсыңдар?

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

 5-тапсырма. 12-13 беттегі Ақиқат туралы жазылған өлең жолдарын оқып, ақиқат жайлы түген ойларыңды сыныптастарыңмен бөліс.

6-тапсырма. Төменде берілген Ақиқат жайлы қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңмен бөліс.

Әл-Фараби: «Шын білім...әрдайым ақиқат, анық болатын білім».

  М.Ганди: «Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша сүйіспеншілікті қорғайды»?  

  Гераклит: «Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты».                   

   Шәкәрім: «Ақиқатты көрем десең,

                      Бас көзімен қарама.

                     Жүрегіңнің аш көзін,

                     Жанның сырын арала»                 

7-тапсырма. 13-14 беттегі Жағдаятты оқып, өз шешімдерің мен өз тұжырымдарыңды айтыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

   - Сенің бойыңдағы жан құмарыңа нелер жатады?

   - Ақиқатқа жету үшін қай құмарлық маңызды?

8-тапсырма. Ақиқат құндылығына қатысты сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешу:

       

М

 

р

 

а

І

у

д

И

А

Н

х

а

Г

Д

ү

н

и

Е

т

а

н

ы

м

І

А

 

З

 

н

 

з

Л

М

 

и

а

І

з

Г

І

л

І

к

я

т

К

 

Е

     

т

 
 

Р

а

 

Ш

ы

н

д

ы

қ

І

   

и

Л

қ

І

а

К

т

                       

 5. Топпен ән айту.  «Мейірімді болайықшы ағайын» Сөзі: С.Қали.  Әні: Қ.Махан 

 6. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы 16 беттегі Ж. Аймауытовтың «Неге арналсаң соны істе» атты мәтінен  үзінді берілген оқып келу.

 7. Сабақтың қорытынды сәті.  

     Адам ақиқатты ақыл-ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат-әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді. Яғни, ақиқатты танып –білу-тарихи, қарама-қайшылықты, өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Ақиқаттың жеңісіне үлкен ізденіс, қажырлы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

   Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер