Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«Күншуақ» бөбекжайы» КМҚК
Денешынықтыру нұсқаушысы
Кудайкулова Замзагуль Кабланбековна
Тәжірибе тақырыбы:
«Мектепке дейінгі мекеме балаларының қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының маңызы»
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары. Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу.
Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесіне қажетті алуан түрлі жұмыстар атқарылады, соның ішіндегі маңызды бір саласы дене тәрбиесі болып табылады. Дене тәрбиесі бойынша жұмыс түрлерінің балалардың денсаулығына, дене бітіміне, ойлай білу қабілетін дамытуда маңызы ерекше.
Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, өйткені бұл кезде баланың дамуына қолайлы жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп өседі. Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени-гигеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше.
Міне, осындай мақсат көздейтін дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1) баланың денсаулығын сақтау және нығайту;
2) мәдени-гигеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру;
3) бала денесін шынықтыру;
4) балалардың жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
«Денсаулық» білім беру мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған:
– өзінің дене күш-қуатының саулығын ойлауға және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережесін сақтауға;
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.
Қимылды дамытуды жоспарлағанда мынадай жалпы қағидаларды ескеру керек:
1) жаттығуларды, ойындарды, еңбек тапсырмаларын таңдағанда баланың қолынан келетін, оларды қызықтыратын, бүкіл ағзасының дамуына түгел ықпал жасайтын, бұлшық еттердің қимыл әрекетіне әсері барын сұрыптап алу;
2) ойындар мен жаттығулар еңбек тапсырмаларын орындауға, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу сияқты қимылдардың дамуына ықпал ететін, дұрыс дағдыны қалыптастыратын болуы керек;
3) физиологиялық жағынан әлсіз бұлшық еттерді нығайту, баланың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға себепкер болуы керек;
4) ұжымда жұмыс істей білуге жетілуін қамтамасыз етуге тиіс.
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1) денешынықтыру ҰОҚ;
2) денешынықтыру-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, сергіту сәті, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл - қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды. Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады.
Балабақшада дене бітімінің жан-жақты дамыту жағдайы
Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.
Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы-дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл-әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.
Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын-сауықтар) өткізуге тиіспіс. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 3 рет өткізіледі.
Оқу іс-әрекет мынадай құрылымда өтіледі. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3-4 минут. Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады. Оның 2-уі бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1- жаттығулар жанадан жоспарланады. Жаңа оқу іс-әрекет тақырыбы жылдық жоспардан алынады.Дене шынықтыру негізгі оқу іс-әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа-райы жылы кезде ауада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал-жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын.
Таза ауадағы дене шынықтыру 5-бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл-қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін –бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.
ТӘЖІРИБЕ СИПАТТАМАСЫ
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Дене жаттығулары бір-бірінен мазмұны сондай-ақ формасы бойынша ерекшеленеді. Мазмұнға: дене жаттығуларының құрамына кіретін іс-әрекеттер, процесстер (психологияның, физиологияның, биохимияның, биомеханикалық) кіреді. Олар жаттығу барысында ағзаға орнығады және олардың әсері жаттығушының дене жаттығуымен айналысу қажеттілігін анықтайды.
Дене жаттығуларын орындау (еркін қимылдау) қимыл-қозғалыс түсінігі мен назарымен, ойымен, ерік-күшімен, сезімімен және т.б. психологияның процесстерімен тығыз байланысты. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде жүрек, қан тамырлары, тыныс алу жұмысында және ағзаның басқа жүйелерінде әр алуан өзгерістер жүреді. Бұл қозғалыстар ағзаның қызметін, мүмкіндігін, тиісінше деңгейде өзгертеді және ағзалар массасының ұлғаюына, құрылымдарының дамуына әсер етеді.
Дене жаттығуларының мазмұнын педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарастырғанда, олардың мәнін, білім беру,тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан қарастырған жөн (қимыл-қозғалыс әдеттерін қалыптастыру, дененің сапалық дамуын қамтамасыз ету т.б.). Дене жаттығулары формасы, оның ішкі және сыртқы құрылымын көрсетеді. Ішкі құрылым – жаттығу жасау кезінде ағзада болатын түрлі процесстермен тығыз байланыста сипатталады. Сыртқы құрылым – қозғалыстың кеңістікке, уақытқа, динамикалық параметрлердің қатысына қарай сипатталатын көрнекілік форма.
Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары
Дене жаттығуларының техникасы. Бұл қозғалыс тапсырмасын орындаудың тәсілі болып табылады. Дене жаттығуларының техникасы өзгереді жетіледі. Техниканы жетілдіру, жаңа формаларды игеру жоғары нәтижелерге жетуге дене дайындығын жақсартуға, қозғалысының биомеханикалық заңдылықтарын ашуға, күрделі спорт жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктер береді,сапалық нәтиже (секіру, жүгіру және т.б.) немесе іс-қимыл тапсырмаларын орындау (нысанаға тигізу), дене жаттығуларын орындау тәсілдерінің (техникасының) тиімділік деңгейін көрсетеді. Дене жаттығулары техникасында оның негізі айқындаушы звеносы және детальдары болады.
Техниканың детальдары. Техниканың кесел жасамай өзгеріске түсуі мүмкін, екінші кезектегі ерекшеліктер, мысалы, доп лақтырып болғаннан кейін, тепе-теңдігін сақтау үшін жаттығуларының кейбіреуі екі аяқпен кезектесіп секірсе, кейбіреулері бір аяғын екіншісіне қояды. Дене жаттығулары бірінен кейін бірі ауысып келіп тұратын фазалардан (немесе бөлшектерден) тұрады.
Ациклдік жаттығу. Ациклдік жаттығу (лақтыру, секіру т.б.) кезінде орындалатын әрбір іс-қимыл толық аяқталған іс-әрекет болып табылады. Бұлар үш фазаға бөлінеді:
a. әзірлік;
b. негізгі;
c. қорытынды.
Бұл фазалар бір-бірімен тығыз байланысты, қосарлана жүреді және бір-біріне тәуелді болады. Дегенмен олардың әр қасысының өзінді ерекшелікері тұтас жаттығу барысында атқаратын белгілі бір атқаратын қызметтері бар.
Негізгі фаза. Негізгі фаза негізгі қимыл қозғалыс міндетін шешуге бағытталады. Мысалы: лақтыруда допты серпу, секіруде қатты серпілу, кедергіні жеңіп өту. Бұл фазада атқарушы күштерді тиісті бағытта орындап қажетті сәтте тиімді пайдалану маңызды.
Қорытынды фаза. Қорытынды фазаның міндеті қозғалысты тоқтату және тепе-теңдікті сақтау: алысқа лақтыру сәтінен соң, мәре сызығынан шығып кетпеу. Жүгіріп келіп, алысқа секірген соң, құлап қалмау.
Жаттығудың ерекше элементтері болады:
а.басты жағдай;
d. көздеу;
e. серпу;
f. жіберу.
Кеңістіктің сипаттамасы. Бүкіл дене жаттығулары кеңістікте атқарылады. Кеңістіктік сипаттамаға бастапқы жағдай дене мен оның бұлшектерінің іс-қимыл кезіндегі жағдайы траектория енеді.
ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛІЛІГІ
Дене тәрбиесі талаптарын өз жұмысымда конспектіге, циклограммаға, жұмысым дациклограммаға, конспектіге,жоспарға қосып, ұйымдасты- ған іс-әрекеттеріне кіріктіріп,күн тәртібінің басқа да бөлімдерінде, іс-шарал-ларда қолданып, осы тәжірибені өткіздім. Осылайша салауатты өмір салтының балалар өмірінде өте маңызды рөл атқаратынын байқадым. Алға қойылған мақсаттардың орындалуына біршама жұмыстар жүргізілді;
- Әр топтың балаларының жас ерекшелігіне байланысты денсаулық күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
- Қажетті құрал жабдықтары күнделікті оқу қызметінде қолданылып отырылды – Балабақшдағы денсаулық бұрышына дене шынықтыруға байланысты сурет көрмелері ұйымдастырылды.
- Эстафета, мерекелерге ойын-сауық,ата-аналардың қатысуымен «Толағай», «Әкем,шешем және мен спорттық жарыстар өткізілді.
Сауалнама, ата–аналарға қатысты әңгімелер, олардың қатысуымен флэшмоб, ұжымдық кеңестер, атрибуттар, аэробика, балалармен флэшмоб, таңғы жаттығулар уақытымен белгіленген уақытта өткізіліп тырылды. Үнемі ат салысқан ата аналар мен балаларға мақтау қағазы;грамоталар берілді.
Жұмыстың мониторингісі
Ересек «А» тобы 2020-2021 оқу жылында тәрбиеленушілерінің «Мектепке дейінгі мекеме балаларының қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының маңызы» өз білім жетілдіру жұмысына I жарты жылдық мониторинг жасалды. Осының нәтижесінде бала өзінің білетінін қолданысын жоғары деңгейге көтеру керектігі байқалды. I жартыжылдық мониторинг көрсеткіші 9 баладан 69 %-ды құрады. IІ жартыжылдық мониторинг жасалды. Осының нәтижесінде бала өзінің білетінін қолданысын жоғары деңгейге көтеру керектігі байқалды. II жартыжылдық мониторинг көрсеткіші 22 баладан 85 %-ды құрады.
№ |
Деңгейлер |
I жартыжылдық |
II жартыжылдық |
|
1 деңгей-жасайды |
31% |
15% |
2 деңгей-түсінеді |
38% |
35% |
|
3деңгей-қолданады |
31% |
50% |
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының білім, спорт және дене шынықтыру туралы заңнамалары
2. Т.Ә.Ботағариев, С.С.Кубиева. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің теориялық негіздері. –Орал, 2010. -232 б.
3. З.Есмағамбетов. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі. Қарағанды, 2005. -192 б.
4. А.Тайжанов, А.Қарақов. Дене тәрбиесі. – Алматы, 2009. -189 б.
5. Е.Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000. -72 б. 6.Ф.Н.Жҧмабекова. Мектепке дейінгі педагогика.Астана:Фолиант, 2008. -332 б.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі