Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
«Күншуақ» бөбекжайы» КМҚК
Тәрбиеші Муханбетқалиева Бағила Қабдешовна
Тәжірибе тақырыбы: «Мектепке дейінгі балаларды экология арқылы патриотыққа тәрбиелеу»
Тәжірибенің жұмыс істеу ұзақтығы. 3 этаптан тұрады:
Жұмыс тәжірибесі 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп, бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
I кезең – бастапқы – теориялық кезең 2019 жыл, қыркүйек
ІІ негізгі кезең – тәжірибелік кезең 2020 жыл,
ІІІ кезең – қорытынды – бағалау кезеңі мамыр 2021 жыл.
ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Тәжірибе жобасының мақсаты мен негізі міндеттері:
- Баланың коршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, табиғатқа деген кызығушылығын арттыру;
- Ой-өрістерінің шығармашылық белсенділігін дамыту;
- Балалардың эксперименттік іс-әрекетін дамыту жэне оны өміршең етуге бейімдеу;
- Табиғатты аялап, қорғауға дағдыландыру.
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі.Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып, табиғаттың сулулығын сезіне білуге уйретеді. Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат кунтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жузеге асады. Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда сезіну, танып білу-жузеге асыру-осы уш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тимімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу қажет. Жана ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан балабақшашамызда күнделікті жумыс барысында тәрбие ісіңің негізгі міндеттеріңің бірі-балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Біз кунделікті жумысымызда баланы өз туған өлкесін, табиғатын суюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен өмір суретінін үйретеміз.
Балаларды тірі және өлі табиғатпен, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланысты орнатуды бақылау арқылы үйренеді. Мектепке дейінгі баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың экологиялық тәрбие бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретемін.
Балаларды кунделікті бақылау, серуен, ойын кезінде айналадағы заттардың бәрі-қоршаған орта. Тірі организмдердің бәрі таза ауамен демалып, таза су ішіп, таза экологиялық тағамдармен коректенеді. Денсаулықты сақтау ушін кунделікті жаттығулар жасаймыз, дене шынықтыру іс-әрекеттеріне қатысамыз, жиі таза ауада серуендейміз. Табиғат аясындағы су тоғандарын, өзендерді, көлдерді, ластамауға уйретіп отырамын. Сонымен қатар табиғатты тамақ қалдықтармен, целлофан қалталармен, қағаздармен ластамау ережелерінде үйретемін, Демалыс жорықтарға шыққан кезде айналаны жинап жүру керектігін үйретемін.Осылай табиғатты қорғауға көмегімізді тигіземіз.
Тәжірибе өзектілігі
Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып отырды. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті борышы деп түсіндіреді. Алайда, осы қоршаған ортаны біреулер білместікпен ластап жүрсе, екінші біреулері «Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады» деген тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері «Біз табиғаттың қайырымдылығын күтіп отырмай, оны бағындыруымыз керек» деген ойда болады. Айта кету керек, ХІХ ғасырдың өзінде табиғатқа деген дұрыс көзқарастар да болды. Мысалы, белгілі философ Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде «... біз табиғатты жеңдік деп шаттанбайық, себебі әрбір жеңісіміз үшін, табиғат бізден кегін алып отырады. Осындай жеңістердің аяғы біз күтпеген нәтижелерге, дағдарыстарға әкеліп бұл жеңістердің маңызын жоққа шығарады», - деп ойын білдірген екен. Егер бұдан да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай бұрын сол заманның ғалымы Эпикур – «Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оны ырқына көне отырып залал келтірмей іске асыруы тиіс... » - депті.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
ТӘЖІРИБЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Экологиялық тәрбиедегі ойын технологиялары
Мектепке дейінгі мекеме жұмысының ең басты бағыттарының бірі экологиялық білім беру болып табылды. Жұмыстың әр түрлі әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы оның белсенділігін көтеруге болады. Әдістердің бірі – экологиялық ойындар.
Экологиялық ойындар олар: рөлдік, дидактикалық, ұқсату, жарыстық, ойын-саяхаттары.
Рөлдік ойындар экологиялық модельдеу әрекеттеріне құрылған, мысалы «Қала құрылысы» ойыны.
Ойын мақсаты:Экологиялық тәртіптердің және ережелердің сақталуында ғана құрылыс жұмыстарының жүретіні туралы ойды қалыптастыру. Экологиялық білімдерді, дағдыларды қалыптастыруда және көрсетуде жарыстық ойындар белсенділік танытқызады. Оларға: жарыстар, КТК, экологиялық викториналар, «Ғажайып дала» және т.б. жатады. Мектепалды мекемелердің қолданыстарында саяхат ойындары басым қолданылады, оларда балалар сиқырлы жайлауға немесе теіңздің түбіне шолу жасайды.
Мектепалды балалармен жұмыс жасау барысында көбінесе келесідидактикалық ойындар үлкен ықпал етеді: «Кім қайда тұрады?», «Ұшады, жүгіреді, секіреді» (тіршілік ету ортасына жануарлардың бейімделуі); «Кімде қандай үй» (экожүйе туралы); «Тірі-өлі», «Құстар-балықтар-жануарлар» (тірі ағзалардың дамуы және өсуі); «дұрыс жолды тап» (табиғатта өзін ұстау ережелері) және т.б. Балалармен жұмыс жасау кезінде «Жұлдызды зообақ» атты дидактикалық ойынды қолданамыз. Ойынның мақсаты: шоқжұлдыздармен таныстыру, шоқжұлдыздарды құруды үйрету; адам қоршаған ортамен байланысты туралы білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ жұлдыздарды бақылау оларды жұлдыздар тобына бөлуге әкеліп соққаны туралы айту. (олардың долбаларын қосу арқылы әртүрлі жануарлардың және құстардың бейнелерін көуге болады). Балаларға ойынға қажет жабдықтар таратылады. (қағаз, шоқжұлдыздарды құрастыру үшін түрлі – түсті қааздар жасалған жұлдыздар). Мақпал қағазды шаршыларға сүйене отырып, балалар шоқжұлдыздарды жасайды, олардың атауларын табады. Бәрін дұрыс жасап, шоқжұлдыздарды дұрыс тапқан дар жеңеді.
«Жер бойынша жануарларды орналастыр» ойынының мақсаты: балаларды әр түрлі ауа райының жағдайларына бейімделе алатын жануарлар туралы түсінік беріп, Жердің әртүрлі белдеулерінде өмір сүретін жануарлармен таныстыру болып табылады.
Ойынның мазмұны: Өзіне бір материк таңдау. Сонда тұратын жануарларды теру.
Сол материкте өмір сүретін жануарларды кім тезірек орнастырады. Материктегі жануарлардың өмірі туралы әңгіме құрастыру. Қатесіз жануарларды орнастырған, қызықты әңгіме құрастырған балаға текше беріледі. Көп текше жинаған бала ұтып алады.
Ойын «Қатені түзе» ойыны жануарлардың тұрғылықты жерлерінің сыртқы келбетттеріне, мінездеріне, тамақтануларына қалай әсер ететінін анықтау үшін жүргізіледі.
Мазмұны: Тәрбиеші Жер картасында жануарлардың суреттерін немесе ойыншықтарын теріс орналастырады. Балалар қатені тауып, түзетуі қажет. Көп қателерді тауып, оларды түзеген бала жеңіп алады.
Ойын «Сәбиге ким көмектеседі?»
Мақсаты:өмір сүру ортасына жануарлардың бейімделуі туралы балалардың білімдерін тексеру.
Мазмұны: Жүргізуші жануардың суретін таңдап, «бөтен жағдайларға» орналастырады. Жануар саяхатқа аттанады, бірақ өзінің мекеніне оралғысы келеді, алайда жолда көптеген бөгеттер пайда болады. Саяхаттаушыға көмектесу үшін балалар осы мәселеде көмек бере алатын басқа жануарды таңдау қажет. Бір жануарды бірнеше рет атауға болмайды. Ең көп көмекшілерді атаған бала жеңіп алады.
Ата аналарға арналған сауалнама қорытындысы
Топ ата-аналарымен «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 15 отбасы қатысты. Ата-аналардың жауаптарын талданып, келесі қорытынды жасадым.
Бірінші сұрақ бойынша ата-аналардың басым бөлігі иә деп жауап берді. Әр ата-ана баласы үшін кез-келген істі тастап баласымен айналысу керектігін түсінеді.
«Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдаса аласыз ба?» сұрағына 5 ата-ана «ия» деп жауап берсе, тек 2 ата-ана жоқ деген жауапты таңдады. Ал 8 ата-ана әр кезде олай істей алмаймын деп жауап берді. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? Қолымнан келеді, бірақ әр кезде олай істей алмаймын деп жауап берді.
Келесі сұрақ: «Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?». Бұл сұрақтың жауабы: қоя аламын – 5 ата-ана, кейде қолымнан келеді – 7, қолымнан келмейді – 3 ата-ана.
Келесі сұраққа жауап берген ата-аналар бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма? Барлық ата-аналар иә деп жауаптар атап көрсетті. Келесі сұрақ бойынша «Балаңызға уәде беріп жақсы мінез-құлық ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
Сауалнаманың соңғы сұрағы бойынша барлық ата-аналар қолымыздан келеді, балаға аиткан уәдемізді орындаймыз деп жауап берді. Сонымен, сауалнама жауаптарын саралай келе, топ ата-аналарына өзіңіздің ісінізбен баланы әрқашанда жақсы нәрсеге үйретуді түсінді. баланың дамуын, өсіп жетілуіне ата-ана өзі ғана үлгі екенін жетік түсінуге түрлі кеңестер беріп, әңгіме жүргізу қажет екенін түсіндім. Сондай-ақ ата-аналарды тек ғана бала оларды жақындастыра түсетіні туралы түсіндіре отырып, алдағы уақытта осы тақырыпта ата-аналар жиналысын өткізу қажет екенін ескердім.
ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛІЛІГІ
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастады.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптасты.
К.Д.Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітірді.
ЖОБА МОНИТОРИНГІСІ
Өткізілетін жұмыстар келесі нәтижелерді көрсетті: балалардың сөйлеу сапасы, ойлауы, қабылдау, қозғалыс шапшаңдығы, еңбексүйгіштік қабілеттері жақсарды. Сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесінің нәтижелілігі үнемі бақыланады. Оқу жылының I жартысында және II жартысында мониторинг жүргізіледі. Жыл басында мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жүргізе отырып білім деңгейлерін көтердім. Соның нәтижесі ретінде үшінші жылдың соңында топтың балаларының білім деңгейі біршама өскендігін байқадым.
Бағалау критерийлері |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылы |
||||
Өсу деңгейі % |
I |
II |
III |
I |
II |
III |
32% |
40% |
28% |
30% |
50% |
20% |
Осылайша менің, егер, осы қарастырылған мәселелер арқылы мектепке дейінгі балалармен экологиялық негіздері бойынша балалардың сабаққа қызығуын, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытып, ұжымшылдыққа тәрбиелейді, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулитыны, жәнете дұрыс таңдап алынған ойын баланың қиялын, сана-сезімін өсіріп, сөздік қорын молайтып, өз бетімен еңбектенуге дағдыландыратыны дәлелденді, сондықтан мектепке дейінгі балаларына арналған ойын түрлерін әр сабаққа, сабақтан тыста орындауды жалғастыру. Зерттеу жұмысымды аяқтай отыра, мен мектепке дейінгі балалары және тәрбиешілер үшін экологиялық тәрбие бойынша әдістемелік құрал жасап шығардым.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Табиғатты қорғау» - Қаженбаев С., Махмудов С.// Алматы 1992 ж.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.
3. Мектепке дейінгі педагогика. «Мектеп», 2006
4. «Жкология негіздері» - Жатқанбаев Ж.// Алматы «Зият» 2003 ж.
5. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» - Есполов А.// Алматы 2001 ж.
6. «Қазіргі жаратылысану конвенциялары» //Алматы 1997 ж.
7. «Экология» Оспанова А.Г.//Алматы 2001 ж.
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі