Ботакөз Әлдибекқызы Қайырова
Дефектолог
ОПМПК №7
Кеген ауылы Алматы облысы
Бүгінгі таңда алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі-дамуында кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдер мәселесі.Оларды қоғамнан аластатпай, барлық балаларға, соның ішінде арнайы қажеттіліктері бар балаларға да сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
«Баланың құқықтары туралы Конвенцияда»мүгедек балалардыерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортаға қосуды қамтамасыз ету туралы 23бапта белгіленген.1994 жылы Испания мемлекетінде «Соламанко»декларациясы қабылданды.
Онда ерекше қажеттілігі бар балалардың:
- білім алып, оны жалғастыруы;
- білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың мектепте оқуы,
- жалпы мектепте инклюзивті білімді ұйымдастыру,
- арнайы білім беру бағдарламаларымен жоспарды әзірлеу қарастырылады,
Осы талап тұрғысынан алғанда , оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларда тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.Тәрбие процесінде негізгі әдістерінің бірі- ойын болып табылады.Ойын мектепке дейінгікезеңнің жетекші қызметі болғандықтан , баланың психикалық даму көрсеткіштерінің бірі.Ойында баланың танымдық, тұлғалық сапаларының барлық ерекшеліктері көрініс табады, сондықтан ойында зерттеу, сондай-ақ қадағалау мен сараптамалық қалыптастыру ұйымдастыру баланың дамуы туралы айқын түсінік береді.
Бала ойынының қызметі психикалық ерекшеліктерімен айқындалатыны Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің және басқа да ғалымдардың зерттеулерінде көрсетілген. Ойын ақыл-ой дамуы артта қалған балалар үшін қоршаған ортаны тану құралы ретінде өте қажет.Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырады. Баланың инабатты, қайырымды, әдепті өсуі қоршаған ортаға байланысты.Бала өмірде көрген білгендерін ойын арқылы айқын белгілейді.Ойын сырт қараған адамға оңай болуы мүмкін, ал дамуында кемістіктері бар бала үшін ойынға қатысу, басқа балалармен қатынасқа түсу, өзінің ойын жеткізу оңай емес.Осыған байланысты ойын арқылы тәрбиеленудегі негізгі мақсат ақыл-ой дамуы артта қалған әрбір баланың психикалық дамуына ойын арқылы әсер ету болып табылады.Ойынға жетекшілік жасауда бала өз бетінше, шығармашылық түрде, өз ынтасыме ойынға қатысқанда ғана, ойынның әсері толық көрінентінін ескеру керек.Ойынның бірнеше түрлері бар:саусақ ойындары, сюжнттік, рөлдік, дидактикалық қозғалмалы ойындар, процессуалдық ойындар.Процессуалдық ойын-ойынның бастапқы нысандары болып табылады. Процессуалдық заттық-ойын әрекеттері (машина сүйреу, т.е.е), саусақойындары баланың сенсомоторлы даму жолын қалыптастырады.Бұл ойындар ақыл-ой дамуы артта қалған балалар үшін өте қажет.Рөлдік, сюжеттік ойындар көрініс сипатында болады. Онда балалар өздерін қызықтырған ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнап, басқа балалармен қарым-қатынасқа түсе отырып, ойын арқылы монологтік, диалогтік сөйлеу тілі, қиял қабілеттерін дамытады.
«Жеміс дүкені» ойыны
Дидактикалық тапсырма.
Заттардың бейнесін және пішінін ажырату, түр-түсіне, пішініне қарай бірдей заттарды таңдап алу талғамын, қасиеттерін дамыту, өмірдегі пайдасын тереңірек талдап түсіндіру.
Көрнекіліктер:
Құлпынай, қияр, сәбіз, алма, алмұрт, сары өрік, қызанақ, жүзім суреттері. Қанық боялған суретті
10*10 см картаға жапсырамыз. Жоғарыдағы суреттегі көрсетілген жемістердің муляждарын дайындап, дүкен сөрелеріне қоямыз. Барлығы балаларға таныс анық болуы керек.
Сөздік:
Алма-қызыл, қияр-жасыл, құлпынай-қызыл, алмұрт-сары, өрік-қара, т.б. бірдей-ұқсас, үлкен-кіші.
- «Балалар, жүріңдер, бүгін дүкен аралайық, жеміс дүкеніне барамыз» - деп мұғалім балаларға карточка үлестіреді.
- Суретін көрмесек, жеміс алу қиын, алдымен жемістің суретіне қарап таңдап алу керек, содан кейін кассир апайдың сұрақтарына жауап беру керек. Соңында рахмет айтуды ұмытпаңдар.
Кассир сауда жасай отырып, пішінін, түр – түсін сұрап басқада сұрақтар қояды;
- Бұл не?
- Қияр
- Дұрыс
- Ал, Азамат сенің қолыңдағы не?
- Құлпынай
Балалар керекті жемістерін таңдап алғаннан кейін топтала тұрып, кім не алғандарын хормен айтады.
Мысалы:
- Салтанат не алыпты?
- Қара өрік, өріктің түсі қара
- Болат алма алыпты, түсі қызыл
Бұл ойынды күн сайын ақыл – ой дамуы артта қалған балалармен өткізілетін сабақтарда дидактикалық түрде қолдануға болады және күн сайын мұғалім есте сақтау, ойлау, өзін –өзі бақылау, қиял т.б дамыту мақсатында арнайы балалармен жүргізуді жоспарлай алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Алдабергенова А.А, Есенжолова Т.Ж, Түзету ритмикасы. Алматы, 2005ж
2. Мектепке дейінгі балаларды психологиялық медициналық- педагогикалық тексеру.Дефектология.2011ж
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі