Сабақтыңтақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»
Сабақтың мақсаты:а) А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
1. Мысалдың мазмұнын менгерте отырып идеясын ашу мысал өлеңін талдау, мәнін ашу, ой қозғау
2. Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру
3.Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, мейірімділікке » Адаладыққа, шыншылдыққа баулу, үлгі ету. тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, бекіту, үйге тапсырма, бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Көрнекілік: А.Байтұрсынов суреті. Жануарлардың суреті. Қанатты сөз
Сабақтың әдісі:мысалды талдау, мәнерлеп оқу, инсценировка.
Сабақтың типі: жаңа матиралды меңгерту сабағы.
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысымен, класс тазалығын тексеру.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Толағай тауының Қазақстанның аласа тауларына жататындығын айтып өтемін
1-тапсырма
1.Толағайға мінездеме бер
2.Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
3.Толағайды бұрынғы оқыған ертегі кейіпкерлерімен салыстырыңдар.
2-тапсырма
1.Жырдан Толағайдың өсуі туралы үзіндіні тауып оқиды.
2.Жырдан Толағайдың ерлік істерін тауып оқиды.
3.Сурет бойынша мәтін құрайды.
«Толағайға хат»
Мұнда оқушылар жырдың бас кейіпкеріне өз тілектерін, ойларын хат арқылы жеткізеді.
Б) Ой толғау. Толағай ерлік туралы аңыз екенін білдік.Толағай батыр.Ол елі үшін жанын қиды.Дәл сондай елі үшін жанын қиған өзге де ерлеріміз жетерлік. «Ел басына ауыр кун туса мен не істер едім?» тақырыбына берілген ой-толғауларын оқыту. Ерлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.
ІІ. Өткенді қайталау.
1 – жарнама.
(Тоныкөк, Білге қаған ескерткіші, Күлтегін ескерткіштері слайдтар)
2 – жарнама.
Ежелгі дәуір әдебиеті Ұлы Жібек жолы, құлпытастардағы жазулар, В.Томсен, Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін ескерткіштері туралы сыр шертеді.
3 – жарнама.
ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың шығармалары даналыққа, адамгершілікке, білімділік пен парасаттылыққа шақырады.
ІҮ. Жаңа сабақ.
А. Байтұрсынов, Ж.Жабаев, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Бегалин, М. Әуезов, С.Мұқанов т.б.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, - деп, болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенген А. Байтұрсынов ұрпақпен бірге, Себебі ол өлмейтұғын артынан халқына өлместей із қалдырған.
Мақалдар: Қатардан ассаң да, халықтан аспа.
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) Қостанай облысы Торғай өңіріндегі сАрытүбек деген жерде дүниеге келген. Ол ұстаз-ғалымдығымен бүкіл елге танымал болды. Араб
Графикасы негізінде қазақ әліпбиін енгізген. Ахмет Байтұрсынұлы орыс қаламгерлері мен ағартушылығының туындыларын қазақ тіліне аударған.
«Жылдар сөйлейді» семантикалық карта толтырамыз.
1886-1891 |
Дүниеге келген жылы |
1873 |
Ауыл мектебінен сауат а.жылы |
1891-1895 |
Орынборда білім алуы |
1895 |
Мұғалімдік қызыметі |
1913-1918 |
«қазақ» газетінде редактор |
1909 |
40мысал |
Мұғалімнің әңгімесі: Қазақ әдебиетінде мысал жанрын қалыптастыруға айрықша қызмет еткен, өзіндік ой, өзіндік өрнек қалдырған А.Байтұрсынұлының Крыловтан аударған «Өгіз бен бақа» мысалын алғаш рет А.Құнанбайұлы аударған. Сондықтан 1. И.Крылов 17 2. А.Құнанбаев 40 3. А.Байтұрсынов 36
Әдеби термин
Мысал- қызықты қысқа шығарма. Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Мысал кейіпкері тек адамдар ғана емес, сонымен қатар аңдар да, жәндіктер де, хайуанаттар да әрекет жасайды, себебі сол арқылы адамдардағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды, жақсы қасиеттер мен адамгершілікті дәріптейді. Осындай астарлы, тұспалдау арқылы арқылы суреттеуді әдебиетте аллегория деп атайды
1 топ
Мәнерлеп оқу
Сөздік жұмыс :сарша тамыз-шілде айының ыстық кезі
Күншіл-жақсыны көре алмайтын
Толу-үлкею
Қараң мен пормың-дене пішіні
артылмау-үлкею, өсу
2 топ«Өгіз бен Бақа» / рольге бөлініп ойнау/
синоним:1.қызғаншақ ,көрсеқызар ,көре алмайтын ,әлі келмеген іске ұрынатын
2.күншіл, бәсеке,
Нақыл сөздерді дәптерлеріне теріп жаздырту «әлін білмеген әлек» өздерін білетін мақал мәтелдер тауып айту
Тура қарап отырып, қырын ойлама.
Жабыдан тұлпар шықпайды,
Тексізден текті тумайды.
Тегін білмеген теріс бағады.
Дөңгелектің шегі жоқ,
Көргенсіздің тегі жоқ.
Тексізді төрге шығарма.
3 топ
Талдау 1. Сәттілік (сәтті кезеңдерін айтады)
2. Сәтсіздік (оқып жатқан мысалдың сәтсіз тұсы)
3. Сезімтал (бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды)
4. Шығармашылық (идеялар мен болжамдар айтады)
Ой толғау өлең немесе
2 деңгей. кесте. / көрнекілік арқылы толтыру/
Аллегориялық образ |
Жанры |
мінезі Жағымды жағымсыз
|
Мақал |
ой түйін/ |
Тәрбиелік мәні, идеясы |
Өгіз
Бақа |
Мысал |
Момын күншіл
|
әлін білмеген әлек
|
|
|
.
Тест интервью
А. Байтұрсынов жазған мысал өлеңнің ерекшелігі неде?
/Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады, төрт түлік арқылы әлеументтік ойға ықпал етеді./
- Қоғамдағы келеңсіз жағдайды қалай жеткізді?
/Тұспалдап, ишара түрінде/
-Шығармаларын оқи отырып, қандай тәрбие алдық ? /мақтаншаққа жол бермеу................/
4 деңгей.
Сонда мысал, аллегория дегеніміз не?
- жақсы, жаман мінездерді салыстыру.
Оқытып болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы түсінігін айтқызу.
3. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін компазияциялық құрылымын талдау.
*Кейіпкер мінезін ашу
*Ой-тұжырым жасату
*Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу
*Мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын тапқызу
*Ақынның өлең жолын оқытта отырып, оқушылардың өз ойын айтқызу.
№ |
Компазияция лық элементтер |
Композиция лық жоспар |
Ой-пікір мінездеме |
Ой-тұжырым, Мақал-мәтел, нақылдар |
Тілі |
Суреттеу тәсілі |
1 |
Оқиғанның басталуы |
Өгіздің көлге келуі |
|
|
эпитет |
|
2 |
Байланысы |
Бақанның Өгізді күндеуі |
Күншіл, іштар |
Күншілдің өлімі таяу |
|
Монолог |
3 |
Дамуы |
Мақтаншақ Бақаның Жолдасымен пікірлесуі |
Қызғаншақ |
қызғаншақты Қарақшы ұрады |
Теңеу |
Диалог |
4 |
Шиеленісуі |
Бақаның Өгіз Сияқты болуға тырысуы |
Мақтаншақ Ойы таяз |
Ғылым таппай мақтанба |
Теңеу |
|
5 |
Шарықтау шегі |
Бақаның ісіп-қабынуы |
Көрсеқызар |
Азап шеккің келмесе көрсе қызар болса |
Теңеу |
|
6 |
Оқиғаның шешімі |
Бақаның Жарылып өлуі |
Әлін білмейтін |
Әлін білмеген әлек |
|
|
7 |
Автордың Түйінді сөзі |
|
|
«Таласпа жаным-ай. Қолыңнан келмеске. Боларсың бақадай, Көп түссең егеске» |
|
|
8 |
Идеясы |
Күншіліктен, қызғаншақтықтан, көрсеқызарлықтан Аулақ болу |
|
|
|
|
Ендеше ХХІ ғасыр тұлғасы қандай болу керек?
ХХІ ғасыр тұлғасы
Әлемдік деңгейде Білімді
Құзыретті Н.Ә.Назарбаев Шапшаң
Жаңа ойлай білетін Мәдениетті
Тренинг. «Сатып алу-сату»
Осы адам бойындағы жақсы қасиеттерді жинай отырып, болашақта жақсы азамат болып шығатынына сенімі мол.Кез-келген өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.Н.Ә.назарбаев
Жас шыбық бой түзегіш
Талапты жас ой түзегіш
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
А. Құнанбаев А. Байтұрсынов
Композитор, қара сөз жазды, философ, Шыңғыстауда туды, қазақ жазба әдебиетінің негізін салды. |
Ақын, қоғам қайраткері, аудармашы, Крыловтың мысалдарын аударды. |
Мұғалім, оқулықтар жазды, қазақ алфавитіне реформа жасады, қазақ тіл білімінің негізін салды. |
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады.
Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі» Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына берілген екі түсті таңдап алып, екіге бөлініп отырамыз.
Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттер
Топтастыру стратегиясы.
Имандылық адалдық әділдік
Адамның асыл қасиеттері Әдептілік ізеттілік қайырымдылық
Бағалау.
Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқу.
«Өгіз бен Бақаны» жаттау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі