БҚО, Орал қаласы
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен "мектеп-интернат-колледжінің"
тәрбиешісі Кисыкова Самал Ересқызы
Тақырыбы: Тәуелсіз - елдің ұланымыз!
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп, қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге үйрету;
Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне бағыт-бағдар бере отырып түсіндіру;
Түзете-дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, елжанды, Отанына қызмет ете білетін, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: рәміздер, кітап көрмесі, карточкалар, суреттер, тірек – сызба нұсқалар, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, ұлы адамдар суреттері.
Ұйымдастыру бөлімі.
«Көк тудың желбірегені» әнімен кіреді.
Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қызығушылығын ояту.
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға салайын
Жүрегіме басып ұстап алайын.
Ізгі, әрі жарық мейірімді,
Болып кетті сонда менің жан-жағым.
Міне осындай жүрегіміздегі жылумен ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақты топ болып шешіп көрейік.
Сөз жұмбақ шешу. Балалар тақтадағы сөз жұмбақтың шешуін іледі.
Сонда сабағымыздың тақырыбы не жайында болды?
Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Тәуелсіз елдің ұланы!
Тәуелсіз, Ел, Ұлан сөзін айтқанда ойымызға не келеді?
Тәуелсіздік дегеніміз не?
Тәуелсіздік - өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді емес, өз мәселесін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.
Ел-халық, мемлекет, қазақ, ру, тайпа, Отан, атамекен деген мағынаны білдіреді.
Ұлан- азамат, ер, кең, жауынгер, сарбаз деген мағынаны білдіреді.
Дұрыс айтасыздар, балалар.
Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!
Өз қолыңа берген ерік-тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп жүрміз. Сіздер үшін бұл түсініксіз болуы мүмкін. Ия,осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді, қайдан келді осы жайында мына бейнебаянды тамашалайық. Осыдан тәуелсіздіктің қалай келгенін түсінеміз.
Бейнебаянды көргеннен кейін
Міне, балалар,өздеріңіз көргендей тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз!
Оқушы: Даниял
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды
Таусылып бар шарасы.
Оқушы: Нұргүл
Отыз жыл тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Отыз жыл Қазақ халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғалы.
Олай болса орнымыздан тұрып, денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Ән: Жас ұлан
Балалар, қазір біз ашық аспан, тәуелсіз елде өмір сүріп жүрміз. Тәуелсіздік алғалы міне отыз жыл болды. Осы отыз жылда еліміз қаншама жетістіктерге жетті. Кәне балалар, назарымызды тақтаға аударайық. Тақтада күн бар, не жетіспейді? Балалар жауабы. Егер де сәулелерді еліміздің жетістіктерімен толтырсақ, отыз жыл бойы мемлекетіміздің жетістіктерін көре аламыз. Сіздер қандай жетісітіктерді білесіздер?
Балалар жауабы. Тақтаға шығып күн сәулесін жапсырады.
1991ж. 1 желтоқсан тұңғыш президентті сайладық.
1992 ж 4 маусымда мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды.
1992 ж 30 тамызда Тұңғыш Ата заңымыз қабылданды.
1993 ж. 15 қараша төл теңгеміз дүниеге келді .
1992 ж 7 мамыр ҚР ның қарулы күштері құрылды.
1991 ж 2 қазанда ғарышқа қазақ ғарышкері ұшты.
1991 жылдың 29 тамызында Семей палигоны жабылды.
2011 жылы қаңтар-акпан айлары Нұрсұлтан мен Алматы қалаларында қысқы Азия ойындары өтті.
2017ж ЭКСПО - әлемдік көрме өткізілді.
Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланды.
2019 жылы Қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.
Тудағы күнге жетісітіктерді жапсыру.
Балалар жапсырғандарын түсіндіреді.
Бекіту сұрақтары. «Дұрыс-бұрыс» ойыны.
Жарайсыздар, балалар!
Тәуелсіз елдің ұландары сіздерді ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік әріптерін алып шығады. Тақпақтарын айтады.
Қарақат Т
Тәуелсіз отыз жыл
Құтты болсын, қазағым.
Бейбітшілік жөн еткен,
Елім өзің ғажабым!
Аяжан Ә
Аман болсын ел жұртым
Аспаным ашық күн күліп.
Отыз жылдық азаттық
Шаттықты әуен үн қылып.
Ақәділ У
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Тәуелсіз менің Отаным!
Ақжарқын Е
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды
Таусылып бар шарасы.
Нұргүл Л
Отыз жыл тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Отыз жыл Қазақ халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғалы.
Даниял С
Көкбайрағы көгінде,
Тектілігі – тегінде!
Бірлігімен тұтасып,
Жеткен азат өмірге!
Аягүл І
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік.
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн!
Данил З
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Жанайым Д
Отыз жылдық құтты болып,
Аман болсын еліміз.
Дәулет І
Отаным, Қазақстан!
Құтты болсын, мерекең.
Тәуелсіз еліме отыз жыл.
Арта берсін берекең!
Ақбота К
Біз бақытты баламыз
Тәуелсіз елдің ұланы
Мәңгі жасап гүлденеміз
Ұлы елдің қыраны.
Қортынды.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына отыз жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер.
Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінін ертеңіне жалғайтын қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін сіздер: хормен «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз!».
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі