(6-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық)
Астана қаласы Білім басқармасының
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының
ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдыгаликова Индира Мауленовна
Астана қаласы Білім басқармасының Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының педагогикалық кеңесте қаралды.
Пікір беруші:
1) Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының директорының ғылыми ісі-жөніндегі орынбасары А.О.Қашаева
2) Педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің шетел филология кафедрасының профессоры Булатбаева К.Н.
Ұсынылып отырған «Ағылшын тілі сабағындағы мақал-мәтелдерге негізделген тапсырмалар жинағы» ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Бұл әдістемелік құрал оқушыларды шығармашылыққа жетелей отырып, логикалық ойларын дамытады.
Әдістемелік нұсқаулық білім мекемелерінің 6-сынып оқушыларына арналған.
Аннотация
Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік-нұсқаулық.
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы
Пәні: ағылшын тілі
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағындағы мақал-мәтелдерге негізделген тапсырмалар жинағы»
Авторы: И.М.Абдыгаликова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Бұл жұмыстың мақсаты: Мақал-мәтелдердің қасиетін ұғындыру арқылы, ағылшын, қазақ және орыс тілдегі мақал-мәтелдерді салыстыру, топтастыу арқылы сөз құдіретін түсінетін, бағалайтын жас ұрпақты қалыптастыру.
Өзектілігі: үш тілдегі мақал-мәтелдерді үйренеді, әр тілдің ерекшелігін біледі, оларды салыстырады, тақырыптар бойынша эссе мен қысқа жағдаяттар жазуға үйренеді, мақал-мәтелді сөзбе-сөз аудармайды, олардың эквивалентін табады, тест тапсырмаларын жасап дағдыланады, өзіндік ойларын әдеби тілмен өрнектей алады.
Жұмысты суреттеуі: Бұл жұмыста ағылшын тілі мақал-мәтелдерін қазақ, орыс мақал-мәтелдерімен салыстыра үйрету, мақал-мәтелдерді құрылымдық және лексикалық түрлеріне қарай бөлген, мақал-мәтелдерді бір тілден екінші тілге аударудағы қиыншылықтар көрсетілген. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай «Жақсылық пен жамандық туралы», «Сөз туралы», «Еңбек туралы», «Уақыт туралы» тақырыптарға бөлінген. Мақал-мәтелдерді үйренудің маңыздылығы, мақал-мәтелдердің алатын орны жайлы жақсы айтылған. арқылы сол елдің ерекшелігін білеміз. Жұмыс соңында тапсырмалар, жазба жұмыстары, тест тапсырмалары берілген.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар мақал-мәтелдерді сөздің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды, мақал-мәтелдердің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін анықтайды, оларды бір тілден екінші тілге аударудағы қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді, заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Аннотация
Тема: Сборник заданий на основе пословиц и поговорок для уроков английского языка
Автор: И. М. Абдыгаликова, учитель английского языка
В работе пословицы и поговорки представлены на трех языках: английском, казахском и русском. Они сгруппированы в зависимости от тематики. В конце работы даны задания, письменные работы, тестовые задания. Кроме того были разделяны пословицы и поговорки на трех языках по структурным и лексическим видам.
Есть трудности в переводе пословиц и поговорок с одного языка на другой. Поэтому здесь дается трудности и решения этих трудности.
Пословицы и поговорки по смыслу разделены на темы: «О добре и зле», «О слове», «О труде», «О времени» и т.п. О важности изучения пословиц и поговорок, о роли пословиц и поговорок. через него мы узнаем особенности этой страны.
С помощью этих заданий учащиеся обогащают языковые ресурсы, знают воспитательные значения,используют в своих выступлениях. Сравнивает пословицы и поговорки на трех языках, изучает пословицы и поговорки на трех языках, знает особенности каждого языка, сравнивает их, учится писать эссе и короткие ситуации по темам, не переводит пословицы и поговорки, находит их эквивалент, умеет составлять тестовые задания, выражать свои мысли литературным языком.
Цель этой работы: сформировать молодое поколение, которое понимает и ценит силу слова посредством понимания свойств пословиц и поговорок на английском, казахском и русском языках, сопоставления пословиц и поговорок.
Актуальность: изучает пословицы и поговорки на трех языках, знает особенности каждого языка, сравнивает их, учится писать эссе и краткие ситуации по темам, не переводит пословицы и поговорки, находит их эквиваленты, умеет составлять слуховые задания, выражает свои мысли литературным языком.
Ожидаемый результат: уважает и оценивает пословицы и поговорки как ценностную сущность слова, важную роль в национальной культуре, определяет роль пословиц и поговорок в межкультурном общении, определяет и понимает противоречия и трудности в переводе их с одного языка на другой, развивает мировоззрение, соответствующее современному, научному и общественному развитию.
Түсінік хат
Шетел тілін үйренудің бір мақсаты сол елдің мәдениетін оқып үйрену. Яғни, мақал-мәтелді үйрену арқылы сол елдің ерекшелігін білеміз.
Мақал-мәтел – халық ауыз әдебиетінің ерте заманнан келе жатқан ең байырғы көне түрі, халықтың бастан кешірген тарихи іс-әрекетінің айнасы, атадан балаға тарап келе жатқан кір шалдырмайтын, тот баспайтын өнегелі бабалар өсиеті.
Бағдарламада қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары берілді, оларды тақырыптары бойынша, сөйлемнің түрлеріне байланысты шартты сөйлем, бұйрықты сөйлем, болымсыз сөйлем деп топтастырылды. Сонымен қатар мақал-мәтелдермен жұмыс, оларды салыстыру, қысқа жағдаятта қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру, сөздік қорларын байыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Мақсаты:
Мақал – мәтелдердің қасиетін ұғындыру арқылы, ағылшын мақал-мәтелдерін қазақ және орыс тілдегі мақал-мәтелдерді салыстыру, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру, эссе жазу және сөйлеу тапсырмалары арқылы сөз құдіретін түсінетін, бағалайтын жас ұрпақты қалыптастыру.
Міндеттері:
- Ағылшын тілін үйретуде қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен бірге орыс тіліндегі мақал-мәтелдерді беріп, оларды салыстыру үйрету
- Мақал-мәтелдердің әлемдік әдебиет пен мәдениеттің алтын қорына өзіндік үлес қосқандығын ұрпақ санасына сіңіру
- Оқушылардың еркін,үйлесімді дамуын, креативті ойлау қабілетін арттыру
- Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Өзектілігі:
- Үш тілдегі мақал-мәтелдерді үйренеді.
- Әр тілдің ерекшелігін біледі, оларды салыстырады.
- Тақырыптар бойынша эссе мен қысқа жағдаяттар жазуға үйренеді.
- Мақал-мәтелді сөзбе-сөз аудармайды, олардың эквивалентін табады.
- Тест тапсырмаларын жасап дағдыланады.
- Өзіндік ойларын әдеби тілмен өрнектей алады.
Жұмыстың жаңашылдығы
Бұл жұмыстың жаңашылдығы оқушылар мақал-мәтелдерді үш тілдегі ағылшын, қазақ және орыс тіліндегілермен танысады, салыстырады, тапсырмалар орындайды. Осы тақырып бойынша дүниетанымдары қалыптасады.
Мақал-мәтелдерді сабақта аз пайдаланамыз, сол себепті тест тапсырмаларындағы мақал-мәтелдердің жауабын кейбір оқушылар білмей жатады. Сонымен қоса, оқушылардың көпшілігі өз ойларын құрғақ сөзбен жеткізеді, ал мақал-мәтелдерді жаттап, оларды өз сөздерінде күнделікті өмірлерінде қолданса ойлары дәлелді болады.
Оқушылар ағылшын тілі мақал-мәтелдері қазақ тілі мақал - мәтелдеріне қарағанда орыс тіліндегі мақал-мәтелдерге мағынасы және лексикалық құрамы жағынан көп сәйкес екенін біледі.
Сонымен қатар қазақ мақалдары мал шаруашылығына, саятшылыққа байланысты болса, ағылшын және орыс мақалдарының көп бөлігі бағбаншылыққа байланысты екенін біледі. Ағылшын және орыс мақалдарына қарағанда қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерінде ұл бала, қыз бала тәрбиесіне арналған мақалдар көп кездеседі.
Бұл жұмыс тек қана ағылшын тілі сабағында ғана емес, орыс, қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді үйренудің көмекші құрал ретінде пайдалану ұсынылады.
Әдістемелік негізі
Бұл жұмыста ағылшын, орыс және қазақ тілдері мақалдарының қолданылуын және лексикалық құрамын өзара салыстырдым.
Мақалдарды аударуда Оксфордтік түсіндірме сөздігін пайдаландым. Бұл жұмыста 2005 жылғы шығарылған 7-санын пайдаландым. Осы сөздікте мақал-мәтелдер сөзбе-сөз аударылған. Осылай мақалдардың толық мағынасы мен қандай жағдайда қолданылатыны түсінікті болды. Орыс тіліндегі мақалдардың қайнар көзі ретінде ретінде Ю.Т.Кругловтың, М.Аққазиннің мақал-мәтелдер жинағын пайдаландым. Тақырыпты жазу барысында жинақтау, салыстыру, анализдеу, талдау, тұжырымдау, қорытындылау сынды әдіс-тәсілдерден қолдандым.
Күтілетін нәтиже:
- Мақал-мәтелдерді сөздің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды.
- Мақал-мәтелдердің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін анықтайды, оларды бір тілден екінші тілге аударудағы қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді.
- Заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Ағылшын тілі сабағындағы мақал-мәтелдерге негізделген тапсырмалар жинағына арналған бағдарлама
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1. |
Proverbs |
2 |
|
2. |
Proverbs about human’s characteristic |
3 |
|
3. |
Proverbs about Knowledge and Art |
3 |
|
4. |
Self assessment |
1 |
|
5. |
Proverbs about Health |
2 |
|
6. |
Proverbs about Friends |
2 |
|
7. |
Proverbs about about Labour |
2 |
|
8. |
Self Assessment |
1 |
|
9. |
Proverbs about Home and Motherland |
2 |
|
10. |
Proverbs about Good deeds and bad deeds |
2 |
|
11. |
Proverbs about Family |
2 |
|
12. |
Self Assessment |
1 |
|
13. |
Proverbs about a Word |
2 |
|
14. |
Proverbs about Time |
2 |
|
15. |
Proverbs |
2 |
|
16. |
Tasks |
2 |
|
17. |
Test |
2 |
|
18. |
Revision |
1 |
|
Барлығы: |
34 сағат |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі