Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
| Тәрбие сағаты | «Мектебім – мейірім мекені!» | |
| Күні | 01.09.2023ж | |
| Класс жетекші: | 
 | |
| Класс: 6 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | 
| Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Мектебім – мейірім мекені!» | |
| Сабақтың мақсаты: | Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу. | |
| Құндылықтарды дарыту | 
 | |
| Ресімдеу | Слайд, презентация | |
| Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
| Үлестірмелі материалдар | мақал-мәтелдер жазылған плакаттар | |
| Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
| Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
| Сабақтың барысы | ||
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары | 
| Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) 
 | Гимн орындалады. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар мен қонақтар! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, балалар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата - бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. 
 XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Мектебім – мейірім мекені!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. 
 
 
 
 
 | Презентация 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | 
| Сабақ басы (13 мин) 
 
 | Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз? -Елбасымыз кім? 
 -Елордамыз қай қала? 
 -Мемлекеттік тіліміз қандай тіл? 
 Балалар біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар: | Қазақстан Қ .К.Тоқаев Астана Қазақ тілі Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран 
 | презентация | 
| Ортасы (20 мин) 
 | Оқушылар сендер өзіміздің Отанымыз, тіліміз, жерімізге байланысты өлең жолдарын білесіңдер ме? Айтып беріңдерші. Анамыздай тілеуі ақ, Отан бізде біреу-ақ! Ол біздің Қазақстан 
 Қызық күндер өткіздік Шағын орталық бағында, Көп оқимыз, білеміз Ел мен Отан жайында. 
 Біз намыскер Қазақ елі ұланымыз! Қорғайтын жерді Отан қыранымыз! Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: -Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? -Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар? Енді еңбек туралы қандай мақал мәтел білеміз? (Соларды айтайық) 1 .Еңбек бәрін жеңбек 2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей 3.Ерінбесең еңбегің өнеді 4.Еңбек етпеген ішіп жемейді 5.Еңбек етте мақтан, Ойнап күлде шаттан 6. Еңбек түбі –зейнет 1-ші топ «Шелектер» сіздерге тапсырма «Фиш боум» әдісі арқылы мамандық иелері қандай қызмет атқарады соларды жапсырасыздар 2-ші «Балғалар» тобы сіздерге Заттарды ажырату «Вен диаграммасы» арқылы (суреттерді жапсыру) 3-ші «Қайшылар» тобына осы заттардан бір нәрсе құрап келген қонақтарға тілек айтып сыйлау. 4-ші «Аралар» тобына ертегі құрастыру.Еңбек,Отан тақырыбына байланысты. | Оқушылар Отан туралы өлең жолдарын айтып береді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Мұғалімнің сұрағына жауап береді 
 | Презента-ция Қағаздар, қайшы | 
| Соңы | Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап»-деген екен Абай атамыз. Сондықтан әрқашан осы сөзді есімізден шығармайық. | 
 
 
 
 
 | Презентация | 
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі