Өлең, жыр, ақындар

Тіл ұстарту (Сан есімнің сөйлемдегі қызметі)

Пәні: Қазақ тілі Пән мұғалімі: Мусагалиева Райля Қуанышқызы
Сыныбы: 7 – сынып БҚО. Ақжайық ауданы, Алғабас орта мектебінің мұғалімі
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту (Сан есімнің сөйлемдегі қызметі)
Құзіреттілікке жеткізетін
мақсат – міндеттер: Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріп өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру.
Тақырып бойынша алған ақпараттарды өмірде қолдана білуін қалыптастыру.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі туралы білімдерін кеңейту. Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: блжау жасау, ертегінің мазмұныны талдау, салыстыру жасау арқылы оқушылардың қиялын дамытады. Ойын еркін жазуға үйренеді. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Интербелсенді сабақ
Сабақтың әдісі: • Сөздік, практикалық, көрнекілік әдісі, болжау кестесі, ой қозғау
Сабақта қолданыла-тын педагогикалық технологиялар:
Білім беруді ізгілендіру, Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту әдісі
Көрнекілігі: Кестелер, суреттер, топтық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, қоршаған орта
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І.Ұйымдастыру бөлімі: -Сәлеметсіздер ме?
-Кезекші сыныпта жоқ оқушылар бар ма?
-Олай болса,сабаққа дайындаламыз.
Сыныпта психологиялық ахуал орнату.

Топқа бөлу. Мұғаліммен амандасу,сыныпта кімнің жоқ екенін айтып,сабаққа дайындалып қатысу.

«Шаттық шеңберінде» оқушылар бүгінгі күнге бір –біріне жақсы тілектерін тілейді.
1,2,3 сандарын санау арқылы топқа бөлінеді. Сәлемдесу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым- қатынастар орнату.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. 75 – жаттығу.

2. Галерея әдісі

3. «Автор орындығы» стратегиясы


бастауыш баяндауыш анықтауыш толықтауш пысықтауыш
Атау септік Жіктеліп, көмеші етістік тіркесіп Заттың санын, ретін, мөлшерін Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес Етістіктің алдында келіп
75-жаттығу
Екі мың шақырым жер – есептік, анықтауыш
Бес-алты жүз мың жан – болжалдық, анықтауыш
Жүз мыңнан артық үй – есептік, анықтауыш

Әр топқа тест жұмысы беріледі. Топ өзара бірін-бірі бағалайды.

«Автор орындығы» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. – ыншы,- інші, - ншы, - нші жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
4. – лап, - леп, - дап, - деп, - тап, - теп жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
5. Ай, жыл, ғасыр, күн аттарымен тіркескен реттік сан есім қалай жазылады?
6. Цифрмен сан есімдерге жалғанатын жалғаулар қалай жазылады?
7. Шамалы, жуық, тарта шылаулары емле бойынша қалай жазылады?
бастауыш баяндауыш анықтауыш толықтауш пысықтауыш
Есептік, жинақтық, бөлшектік Сөйлем соңында келіп Сөйлемде әдеттегі қызметі Атау мен іліктен басқа септікте Топтау с.е. –лап,-леп,-дап,-деп,-тап,-теп

Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендерін үй
тапсырмасын тексеру арқылы бақылау.


ІІІ.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс жасау.

Оқушының өз бетімен жұмыстануы

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс. Рефлексия . І. Қызығушылықты ояту сатысы
Ой қозғау. «Суретті көрнекіліктер» стратегиясы
Үш жігіттің, бұлақтың, жолдың, ару қыздың
суреттері көрсетіледі.

ІІ. Мағынаны тану сатысы
Түрік жазушысы Назым Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты ертегі мәтінімен жұмыс жүргіземіз.
«Болжау кестесі» стратегиясы
Мәтіннің 1-бөлігі: «Бірінші жігіт жүре-жүре шаршап, жарты жолда ұйықтап қалады. Жігіт оянса, оның бас жағында бір ару қыз тұр екен.
- Жігіт-ау, сен қайда бара жатқан жансың? – деп сұрайды әлгі сұлу қыз.
- Өлместің тауын іздеп бара жатырмын, - деп жауап қатады жігіт.
- Өлместің тасы алыста, асқар таулар мен аңғарлардың ар жағында, қанды құдықта жатыр. Оған баруға бар өмірің жетпейді сенің. Одан да менімен бірге осында қал,» — дейді көрікті қыз.
Сұрақ:- Бірінші жігіт кербез сұлуға не деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

Не болады деп ойлайсың? Дәлелің
Мәтіннің 2-бөлігі: «Қатты шаршап келе жатқан екінші жігіт ағып жатқан бір бұлақты көреді. Жігіт шыдай алмай, бұлақтан рақаттана су ішіп, әрі қарай жүруге шамасы келмей сол арада қалып қояды,» - деп аяқталады.
Сұрақ: Екінші жігіт одан кейін не істеді деп ойлайсыңдар?

Мәтіннің 3-бөлігі: «Үшінші жігіт болса, әрі қарай жүре беріпті. Ол қатты шөлдеген. Су ішкісі келсе де, кездескен бұлақтан су ішпепті. Үшінші жігіт қатты шаршап-шалдықса да, демалмастан алған бетінен қайтпаған...» — деген жолдармен аяқталады.
Сұрақ:Үшінші жігіт мақсат-мұратына жетті деп ойлайсыңдар ма?

Мәтін құрамынан сан есімдерді табу.

Әр топ мәтін бөліктеріндегі сан есімі бар сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдау жасайды.

Әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға орындайды.

Оқулықпен жұмыс. 74-жаттығу. Сөйлем мүшесіне қарай талдау жаса.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
Жуан-жіңішке сұрақтар әдісі
12. Алғашқы екі жігіттің жолда қалуы өздеріне деген сенімсіздіктен бе, әлде жалқаулықтан па?
3. Ертегідегі үш жігітті салыстрып көрейікші. Әр жігітке мінездеме берейік.
(өткен тақырып сын есіммен байланыстыру)

Ой қорыту.
- Мәтін мазмұны түсінікті ме?
- Үш жігіттің әрекетінен қандай ой түйдік?
- Мәтін мазмұны бойынша ойларыңызды қалай түйіндер едіңдер?
- Ертегі мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер айтуға болады.

Мәтінді түйіндеуден шыққан тақырыптардың біріне сан есімдерді қатыстырып, ой толғау жазу. Өткен ережелерді қайталау.

Бағалау критерийлері арқылы әр топ басшылары бағалайды

Бүгінгі сабақтан алған әсерім...Смайликтер арқылы бағалау.
Топтық тапсырма

Оқушылар осы суреттер арқылы ертегіде не туралы айтылатынын болжап, өз ойларын айтады.

Әр топқа мәтін бөліктері ұсынылып отырылады.

Жігіт сұлу қыздың айтқанына көніп, қалып қояды.

Әр бөліктен соң болжауларын айтады.

Оқушылар мәтін бөлігін оқи отырып, бұл сұрақтың жауабын топта талқылап, болжау жасалады. Мәтіндегі жауаппен салыстырып, мәтіннің 2 бөлігі оқылады.

Әр топтан оқушылар болжамдарын айтады.


Оқушылар топта талқылап, өз ойларын, дәлелдерін айтады. Одан соң мәтіндегі жауап оқылып, салыстырады.мәтінніңнің 3 бөлігі оқылады.



Әр топтан оқушылар болжамдарын айтады.
Оқушылар өз ойларын айтып, ертегідегі дұрыс жауаппен салыстырады.

Әр топ мәтіннің үш бөлігінен сан есімдерді тіркес-кен сөздерімен теріп жазады. Түрленуіне талдау жасайды, сөйлемдегі қызметін анықтайды.
Топтық жұмыс
І топ. Бірінші жігіт – реттік сан есім, анықтауыш.
Бір ару – есептік сан есім, анықтауыш
ІІ топ.Екінші жігіт – реттік сан есім, анықтауыш
Бір бұлақ – есептік сан есім, анықтауыш
ІІІ топ.Үшінші жігіт – реттік сан есім, анықтауыш
Оқушылар талдау жұмысын жазбаша түрде дәптерлеріне орындайды.


Топтық жұмыс. Сан есімді түрлендір.
І топ. Септе. Екі
ІІ топ. Тәуелде. Үшеу
ІІІ топ. Жікте. Екінің бірі
74-жаттығу. Аман-есен жиырма үй Бекболаттың ауылына көшіп барады. Бекболат әр кедейге бір-екі соқа жасап берді.

Бірінші жігіт- көрсеқызар, өз ісін жауапкершілікпен қарамайтын жігіт.
Екінші жігіт- еріншек, қиындыққа төзе алмайтын, шыдамсыз жігіт.
Үшінші жігіт- шыдамды, еңбекқор, алған бетінен қайтпайтын, алған істі аяғына дейін жеткізе алатын жігіт.

Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Түйін: 5 минуттық эссе
1. Шаршап-шалдығуды білмейтін, көкірегінде сенімі бар адам дегеніне, мақсат-мұратына жетеді.
2. Ізденген жетер мұратқа.
3. Жаман болатын жігіт шегіншек келер.
4. Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.
5. Ерінген екі істейді.
6. Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
7. Ермек қуған бәлеге жолығады,
Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алып, түсінбеген жерлерін сұрап анықтайды.

Әр топ басшысы өз тобы туралы айтып, бағалайды.

Оқушылар смайликтер арқылы өз әсерлерін білдіреді.
Сан есімдерді табу арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.
Оқушылар жаттығу жұмысын орындау арқылы сан есімдердің атқаратын қызметін ажырата алады.
Өз беттерінше жұмыстану арқылы ойлау қабілеттері дамиды.
Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға үйренеді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз