Өлең, жыр, ақындар

Күнекей неден жазықты болды?...

Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Күнекей неден жазықты болды?...

(Ж. Аймауытовтың «Күн менікі» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесіне талдау)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ж. Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесінің мазмұнын, автордың мақсатын, тақырыптың өзектілігін ұғындыру, оқушыларға шығарма мәтіні кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармадағы кейіпкерлер  бейнесіне талдау жасай білу біліктілігін дамыта отырып, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі жеткізе білуге баулу, олау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шығарма кейіпкерлері болмыс-бітіміне, табиғи  тіршілігіне талдау жасау арқылы адамгершілікке, әсемдікке, мейірімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту формасы: топтық

Оқыту әдісі: Талдау, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, шығармашылық ізденіс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың көрнекілігі: Тақырып, интерактивті тақта, үлестірмелі кеспелер, Ж. Аймауытов портреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу

Ә) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау

- Оқушылар бүгінгі сабағымыздың өзіндік бір ерекшелігі бар. Ол компьютерді пайдалану арқылы интерактивті тақта арқылы жұмыс жасаймыз.

- Балалар сендер өткен сабақта қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, Ж. Аймауытовтың «Күн менікі» шығармасымен танысқан болатынсыңдар. Қазір топ болып тапсырма орындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы

-Үйге берілген тапсырма не еді?

-Әңгіме мазмұнын оқып келуге берілді.

-Ендеше шығарма композициясы қандай кезеңдерден тұрушы еді?

 -Оқиғаның басталуы, дамуы, байланысуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі.

- Олай болса қазір мен әр топқа шығарма композияциясының кезңдерін білдіретін тақырыпшалар таратамын. Сендер қай кезең екенін тауып, қысқаша мазмұнын баяндайсыңдар. (Әр топқа 2-ден таратылады.)

  1. Оқиғаның басталуы: Ордабайдың үш ауылы
  2. Оқиғаның байланысуы: Тоқтатпашы көшті, тоқтатпа!...
  3. Дамуы: Шырла-шырла торғайым!
  4. Шиеленісуі: «Өзшең шірік күң!»
  5. Шарықтау шегі: Е, көңіл ашар деп осынын айт!
  6. Шешімі: Ал, бозбалалар сендерде айтыңдар?

Актуальдау

І-топ:

Әңгімеде көш қалай сипатталады?

Қазақ халқы қандай жағдайларға байланысты көшкен?

ІІ-топ:

Әнді қандай жағдайда кімдер орындайды?

Күнекейдің өн бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

ІІІ-топ:

Көштің сән-салтанаты мен қызығы кімдердің үлесіне тиді?

Бейнетін кімдер көрді?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күнекей неден жазықты болды?...» деп дәптерімізге жазып қоямыз.

Ж. Аймауытовтың «Күнекей жазығы» повесінен алынған «Күн менікі» әңгімесіндегі сол дәуірдегі әйел теңсіздігін негізге ала отырып, Күнекей неден жазықты болды деген тақырыпта Күнекей бейнесіне тоқталамыз. Енді мына тапсырмалардың бірін таңдап алып, сол төңіректе пікірлеріңді мәтіннен үзінді келтіріп айтыңдар. (Әр топқа тарату)

1. Еркін қазақ қызының бейнесі (Күнекейдің бейнесі)

Топтастыру стратегиясы бойынша

 

 

 

2. Күнекейдің еркіндікті аңсап, салған әнінен үзінді келтіре отырып, әдеби сызбамен талдау жасау.

Үзінді

Идея

Күнекейдің бейнесі

Түйгенім

Бауырында Шұбайтаудың қос балапан,

Сол таудан дария толқын су тараған.

Сұлу қыз, әсем жігіт-бәрі сонда

 

 

 

  1. Күнекейдің басына туған күн.

Венн диаграммасы арқылы түсіндіру

Тұяқ          Ұқсастығы         Күнекей

-Ал, қане кім дайын?

-Жарайды өте жақсы

Ой шақыру. Сұрақ тапсырма.

-Ал енді келесі тапсырма барлығына жалпы ортақ ой шақыру тапсырмасы беріледі. Мынадай сұрақ қойылады.

Күнекей неден жазықты болды?

IV. Дамыта оқыту

  • Оқушылар енді тапсырманы топ-топ болып орындаймыз. Сендерге мынадай сұрақтар беріледі.

1-топ:

Повесте қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері суреттелген?

Мысал келтіре отырып әңгімелеңдер?

2-топ:

Шығармадағы нақыл сөздерді тауып, еріп жазыңдар?

Көнерген сөздерді тауып мағынасын түсіндіріп, мысал келтір.

3-топ:

Қазақ аулының тұрмысы, әлеуметтік өмір көрінісі қалай суреттелген? Әңгімеле

V. Бекіту кезеңі

-Олай болса ендігі тапсырма «Жұмбақ сан» тест тапсырмасы

1. Ж. Аймауытовтың өмір сүрген жылдарын табыңыз

1. 1893-1920

2. 1873-1938

3.1804-1846

4.1868-1910

5.1889-1831

2. Ж. Аймауытовтың романдарын табыңыз

1. Әнші, Елес

2. Күйші, Құлагер

3. Нұр күні

4. Боранды болжаған әулие

5. Ақбілек, Қартқожа

3. Ж. Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесіндегі Күнекейдің сүйген жігітін табыңыз?

1. Амантай

2. Байсары

3. Тұяқ

4. Шәмкә

5. Байман

4. Күнекейдің әке-шешесі кімдер екенін табыңыз

1.Шекер Ордабай

2. Айша Әлібек

3. Сұлушаш Шоөан

4. Байбөрі Ботакөз

5. Алпамыс Қарашаш

5. «Күнекейдің жазығы» повесіндегі өзекті тақырыпты белгіле

1. Бұрынғыны аңсау

2. Анаңнан асыл бар ма?

3. Қазақты ояту

4. Әйел теңсіздігі

5. Ашаршылық

Жауабы:

 

-Балалар Ж. Аймауытов ХХ ғасырдың басында қазақ ауылының әлеуметтік шындығын, салт-санасын, әдет-ғұрпын бір сөзбен айтқанда қазақ қызы Күнекейдің тағдарын суреттеген.

-Жарайсыңдар оқушылар

VІ. Қорытындылау

Бүгінгі сабағымызды мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Ф. Оңғарсынованың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Абыройы күнмен жарасқан,

Көкірегінен әсем ән ұшқан.

Мейірін төккен адамға

Бақытты байтақ даламда.

Тағдырлар талай табысқан,

Талғамы заңғар заманда.

Атағы жеткен ғаламға

Елінің ару – қыздары!

Құлпырған гүлдей құздағы

Жұлдызы жанған жерімнің

Жұлдыздай жарқын қыздары!,-деп сөзімді тәмамдаймын.

VII. Үйге тапсырма.

Қыздарға байланысты мақал-мәтел жазу, оның мағынасын ұғындыру. Құрбы- құрдастарыңа арнап өлең шығару.

VIII. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз