Өлең, жыр, ақындар

М.Өтемісұлы «Мұнар күн» өлеңі

Алматы қаласы, Боралдай кенті   № 39 гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есова Светлана

 

Мерзімі

18.10.2015ж

Пәні

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Тақырыбы

М.Өтемісұлы    «Мұнар күн» өлеңі

Сілтеме

Жоспар күнтізбелік жоспар

Мақсаты,міндеті

 

а)Білімділігі:оқушыларға Махамбет шығармаларын кеңнен талдап, әлеуметтік мәнін ашу;

б)Тәрбиелілігі:Оқушыларды ақын шығармалары арқылы патриоттыққа, Отан сүйгіштікке, ерлікке, елдікке тәрбиелеу;

в)Дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу, мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттырып, өздігінен білім алуға баулу.

 

Күтілетін нәтиже

Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, шешендік білімін жетілдіреді. Өз көзқарасын жүйелі талдауға үйренеді. Қарсыласын сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Өзін-өзі бағалай алады. Өз пікірін қарсыластарына дәлелдей алады.

 

Негізгі мақсаттар

. Сыныптағы оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын топтық жұмыс жүргізу стратегиялары арқылы жүзеге асыру.

. топта бірлесіп отыру арқылы оқушылардың білімділігін дамыту

. оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалардың ортадағы тиімділігін жүзеге асыру.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

1.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушыларды шаттық шеңбер бойы тұрғызып өздерінің аттарының бас әріпінен келетін жақсы сөздер арқылы бір-біріне ізгі тілек тілеу.

2.Түрлі-түсті стикерлерарқылы төрт топқа бөлу.

І   Топ  Батырлар

ІІ  Топ  Қаһармандар

ІІІ Топ  Ақындар

ІҮ Топ  Ержүректер

Білу

Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын сұрау.

Махамбет Өтемісұлы өмірі  «Ереуіл атқа ер салмай»,

                                                 «Жалғыздық» өлеңдері.

Жуан, жіңішке сұрақтар стратегиясы

1.М.Өтемісұлы кім?  (Топтастыру)

2.Қандай өлеңдерін білесіңдер?

3.Тарихта қандай атпен қалған?

4.Махамбеттің досы кім?

5. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің идеясын ашу

6. «Жалғыздық» өлеңінің идеясын ашу

Түсіну.

Мағынаны тану

Махамбет Өтемісұлының «Мұнар күн» өлеңі

1.Мәнерлеп оқу

2.Оқулықпен жұмыс

3.Дәптермен жұмыс

4.Концептуалды кесте

«Мұнар күн»-ақынның исатай батырдың өліміне арнап шығарған элегиялық (мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады) сарындағы туындысы. Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы патша әскерімен шайқаста қаза табады. Бұл Махамбетке де, халыққа да қатты батқан ауыр қаза болды. Ақын исатай өлген күн шексіз қайғылы, қаралы, ауыр күн екенін өлеңде «шұбар», «мұнар» «буыршын мқзға тайған», «бұрынғы бақыт тайған» деген ауыр күйді, өкінішті сәтті танытатын эпитеттерді қолдану арқылы ұтымды аңғарта алған.

Қолдану

Сөзмаржан

Мұнар-күн ашық кездегі ауаның күңгірттігі, бұлыңғырлығы

Мойманасы тасқанға-көңілі өскенге

 

Жалпы сыныпқа тапсырма

Концептуалды кесте

Мұнар күн

Сөз тіркестері

Эпитет

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

Шығармашылық тапсырма. Постер жұмысы.

І топ    Батырлар тобы.    -    Батырлар туралы мақал-мәтелдер      

                                                жазып  мағынасын ашу. 

ІІ топ   Қаһармандар тобы. - Махамбет жайлы эссе жазу.

ІІІ топ  Ақындар тобы.        - Махамбетке арнау өлең жазу.

ІҮ топ  Ержүректер тобы.   -Кейіпкерге хат.

 

Сергіту сәті

Махамбеттің «Мен,мен едім мен едім» өлеңін бейне таспадан тыңдату.

 

Жинақтау

Ой толғаныс.   «Бес жолды өлең» стратегиясы

1.Бір зат есім                           Батыр

2.Екі сын есім                          Күшті,мықты

3.Үш етістік                             Күресті, шайқасты, жеңді

4.Төрт жолды сөйлем             Махамбет ел үшін күресті

5.Синоним сөз                         Ер

 

 

 

Семантикалық карта

Өлең шумақтары

«Мұнар күн»

«Жалғыздық»

«Мен құстан туған құмаймын»

Ереуіл атқа ер салмай»

Тілде бар да, дінде жоқ,

Көшпелі дәулет кімде жоқ

 

 

         +

 

 

Сөйлер сөзге жалықпан,Көптер көзін тіккендей

 

 

 

         +

 

Ашаршылық шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей.

 

 

 

 

 

      +

Жез қарғылы құба арлан,

Жез қарғыдан айырылып

 

       +

 

 

 

 

Рефлексия

«Инсерт» әдісі

Топтың әр мүшесі рефлекция жасайды.

 

 

Бағалау

«Бір тамшы ой»

Кім көбірек біледі дегнді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға таныстыру керек.

М.Монтень

Үйге тапсырма

М.Өтемісұлы «Мұнар күн» өлеңін жаттау. Жаңа мәліметтер іздестіру.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз