Өлең, жыр, ақындар

М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі

Күні 9.12.2015 ж          №  24              сынып 11  А                   пәні қазақ әдебиеті

 Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің  «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: : М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып , Құнанбай  бейнесін талдау.

ә) дамытушылық: жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;шәкірт бойында өзіндік көзқарас қалыптастыру: ойды еркін, жүйелі жеткізе білуге баулу. Сыни көзқарасын қалыптастырып, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

б) тәрбиелік: Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ -  сыни тұрғыдан талдау,  зерттеу, түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту. Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы, топтау стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, слайдтар.

Пайдаланылған әдебиеттер: Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары», Рауан-1990ж. 2. М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» А., 1980ж.

 «Біздің Мұхтар» (М.Әуезов туралы естеліктер) 

«Абай жолы»  І-ІҮ том  Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, сурет

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі:

а) сынып даярлығын тексеру;

ә) кезекші арқылы түгендеу. 

Б) топқа болу   «Ақиқат»-жақтаушы,

                          «Әділет» -даттаушы топ      

Эвокация (Қызығушылықты ояту)

Мұғалім: – Балалар, біз бірнеше сабақ бойы көлемді туынды «Абай жолы» роман - эпопеясын талдап жүрміз. Бүгінгі сабақта романның негізгі кейіпкері Құнанбай бейнесін ашып, оған талдау жүргізуіміз шарт. Ендеше, еске түсіруден бастаймыз.

Сандар сөйлейді...

1.«Абай жолы» романы неше тілге аударылды?   (116)

2.Қай жылы    роман-эпопея Лениндік сыйлық алды? (1959)

3. Эпопеяда  Абайдың неше жыл өмірін көрсеткен?(45)

4. «Абай» трагедиясы қай жылы жазылды? (1939 ж)

5. М.Әуезовтың алғаш  көркем шығармасы «Қорғансыздың күні» қай жылы жазылды?(1921ж)

6. Эпопея қай жылы жазылып бітті? (1956)

7.Мемлекеттік сыйлық алған жылдар?(1942,

Топтастыру (дәптермен жұмыс)

 Романдағы Құнанбай бейнесі  қалай суреттелген?

Мейірімсіз, қатал, жауыз,қанішер,азулы, қазымыр, қырыс, қу, сұңғыла, зымиян, әміршіл, әділетсіз, озбыр, қытымыр, өктемдік иесі

 Болжау кестесі  (Сыры неде?)

                                         «Қайтқанда»

                                        «Шытырманда»

                                         «Бел-белесте»

                                           «Өрде»

                                             «Қияда»

                                             «Биікте»  

(Ойлан, тап)

 

Құнанбай                                     Зере                          Абай

 

Реализация (Мағынаны таны)

Мини дебат

 Бақталастарынан  «Әрі  шешен, әрі мырза, әрі жақсы» деген баға алған Құнанбай шын мәнінде озбыр жан ба?

Әділет тобы

Критерий :

Аргумент: «Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтересің»

1. Құнанбай-мейірімсіз  (Абайды оқытпай, ел ісіне араластыру үшін алып келуі)

 2. Құнанбай - қатыгез   (Қодар, Қамқа оқиғасы)  

3. Құнанбай – қатал     ( Кәмшат өлімі, Әмір жайлы)

4. Құнанбай – қу, зымиян ( құн дауы, Меккеге бару)

 «Ақиқат»  тобы 

Критерий  : «Тура биде туған жоқ»

Аргумент::

1 .Құнанбай - көреген (Абайдай ірі дара тұлғаның әкесі, Абайдан ерекше үміт күткен)

2. Құнанбай - рухани таза адам (Меккеге баруы, Қодар мен Қамқа оқиғасы)

3.Құнанбай – елдің тұтастығын, халқының қамын, келешегін ойлаған адам.

4.Құнанбай – халқының қамқор азаматы. Меккеде қонақ үй салдырды, ондағы ойы келгендер қиналмасын, жағдайы болсын деген, өз қаражатына еліне арнап мешіт салдырды.

Бір айналым сұхбат (интервью)

Топ басшыларына сұрақ

Сол заманда өзің Құнанбай орнында болсаң не істер едің?

Автордың Құнанбайды қатал өктемдіктің өкілі етіп суреттеуінің сыры неде жатыр?

Оқушы пікірі: «Асқар тауға анадайдан қара» дейтін сөз бар. Қазақ кеңес әдебиетінің асқар тауы, алтын діңгегі болған сом тұлғалы дарын иесі Әуезовтің шар қайрағына айналған Құнанбайды өткен күндердің көзқарасымен оқысақ, шын мәнінде нашар озбыр адам тәрізді. Романды бар ықыласымен, әрбір сөзіне мән бере терең ықыласпен оқысаң, Әуезов оны еш жаман етіп көрсетпеген. Қайта Құнанбай – азулы, қатыгез жан емес. Ол – ақылды, жетер жерін білетін, терең ойлы адам.

Сонымен бірге, көкірегі ояу көреген. ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қайсар рухты адам екеніне көз жеткіземіз.

Автордың бұл романда Құнанбай бейнесін жасаудағы шырғалаңының сыры сол кездегі саясат пен саяси ахуалмен байланысты болып отырғаны бәрімізге аян. Құнанбайды озбыр етіп суреттеудің мәні кешегі кеңестік дүниеде жатыр. Ол кезде бай, сұлтан, молданы мақтап сөз сөйлемек түгілі, жанына жақын барудың өзі айып болғаны кешегі 30 - жылдар зобалаңынан - ақ белгілі емес пе? Олай болса, жазушы сол заман ағымына бағынды. Заман солай сөйлетті.

Шежірелер сөйлейді ...

Құнанбай Ырғызбайұлы (1804-1886 жж)

Құнанбай - би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты.

        «Қазақ энциклопедиясы »   211 бет

 “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тіл иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келеді. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған… әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” - деп сипаттайды Поляк саяси  қайраткері А. Янушкевич.

“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”,

Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариғат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді.

(М.Әуезов, «Абайдың өмірбаяны, 1927-33ж)

Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы

1 зат есім

 2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу

1 синоним сөз

Мысалы*

Кім?    Құнанбай

Қандай?  Мырза, шешен, көріпкел, данышпан

Не істеді? Елдің басын қосты, телі- тентекті тыйды, әділет жолымен жүрді

Түйін    Қара қылды қақ жарды

Синоним  Әділ, шыншыл

Рефлексия (ой толғаныс)

1 . БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы

Білемін                  Білдім                Білгім келеді

Қорытынды (пікірлер легі)

«Құнанбай- жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының  бірі» А.Байтұрсынов.

«Мен Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі тереңдегі ескіні  Құнанбай бейнесіне жинақтадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның қарама-қарсылығын , ескіні жаңаның  жеңуін көрсетуге тиіс болдым».

М.Әуезов.

Үйге:  С. Мұқанов  (өмірі мен шығармашылығы)

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Крийтерилер

10

20

30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы балл

 

 

 

 

 

       Бағалау  түрі

60  балл- « 5»

40 балл- «4 »

30 балл- «3»

 

Тексерілді

 

20 балл –«3»

Біздің мақсат – осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда, біздің бүгінгі өміріміздің бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің міндет бірін даттап қаралау емес, бүгінде анығын білгісі келген елге дәл пішінін көрсету» /3. 59/.

Барлық ұпайлар қосындысы

Баға

100-89%  немесе14-12 ұпай

«5»

88-75%  немесе11-9ұпай

«4»

74-61%  немесе8-6 ұпай

«3»

61% және одан төменнемесе5-0 ұпай

«2»

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз