Өлең, жыр, ақындар

Mail бағдарламасы. Шылау

Айсенова Еркеш Ахметжановна

Пән қазақ тілі                  

сынып 9 Б                   күні

Сабақтың тақырыбы: Mail бағдарламасы. Шылау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ғаламтордағы әлеуметтік желілерді пайдаланамын» тарауы бойынша білімдерін тиянақтау. Шылаулар туралы алған білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Шылаулар туралы алған білімдерін тиянақты талдай білуге бейімдеу, дағдыландыру, білім деңгейлерін көрсету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді бекіту,жүйелеу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, іздендіру, ойландыру, әңгіме, сөйлесу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,сызбалар, плакаттар,кеспе қағаздар, маркерлер, кесте;

Пән аралық байланыс: әдебиет, информатика, бейнелеу өнері;

 Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2.Түгендеу.

3.Сыныпты сабаққа даярлау. Сыныпты топқа бөлу.

Балалар, бүгінгі сабақ көңілді өтуі үшін, бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейік. Өте жақсы, балалар! Ал енді қазақ тілі сабағына назарымызды аударайық.

Мен қазір сендерге бір сурет көрсетемін, сол сурет арқылы біз бүгінгі сабақтың тақырыбын табамыз.

Топтастыру әдісі.

ІІ Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Дәптерлеріне  күнді, айды, тақырыпты жазғызу.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Mail бағдарламасы

E-mail бәрімізге белгілі – электронды пошта. Ол әртүрлі жазыла береді, мысалы, e-mail, email немесе eMail. Электронды поштаның пайда болу кезін 1965 жыл деп айтуға болады. Себебі сол жылы Массачусетс технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және Том Ван Влек MAIL бағдарламасын ойлап дайындаған еді.

Электронды поштаның жалпы дамуы ғаламторды пайдаланушылардың белсенділігіне байланысты болды. Өйткені  mail бағдарламасын қолдана отырып, олар бір-бірлеріне хабар жібере алды. Содан кейін әр жолы жаңа мүмкіндіктер табыла бастады.

Мәтінді оқыта отырып, оқушыларды мына сұрақтар төңірегінде дайындап келген мәліметтерін оқыту.

Ғаламтор деген не?

Ғаламтор мүмкіндіктері

Ғаламтордың бізге қажеттілігі.

  1. Жоба.

Ғаламтордың пайдасы мен зияны. Қызыл раушан гүл тобы – ғаламтордың пайдасы

Сары раушан гүл тобы – ғаламтордың зияны

Тақырыптары бойынша жоба қорғайды.

Оқушылар екі жұлдыз, бір тілек – рефлексия жасайды.

Грамматика:   

- Шылау деген не?

 - Шылау сөздер неше түрге бөлінеді?

Мысалы:

Жомарт қазіргісі  мен  келешегін салыстырып тұр.  

Мен жазбаймын өлеңді ермек  үшін.    (Абай.)

Бұл мысалдардағы үшін, мен деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мән үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.

Сөйтіп шылау:
• Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
• Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
• Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
• Шылаулар түрленбейді
Шылаулар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді:
Септеулік Жалғаулық Демеулік
 

3. Жаттығу жұмысы: берілген шылауларды топқа бөліп жазу:

 

Септеулік 

Жалғаулық      

Демеулік

 

 

 

Түгел, -ақ, мен, алайда, таман, үшін, -мыс, ше, бірақ, дегенмен,

 қатар, жайында, -ды, және, әсіресе, кейде, сонда да. 

3 оқушы тақтада орындайды. Әр қайсысы бір түрін жазып шығады.

4. Семантикалық картаны толтыру. Карточкаларын ауыстырып, бір-бірін тексеру.

 

       

 

Мысалдар

 

Септеулік

А

 

Жалғаулық

Ә

 

Демеулік

Б

1

Мен, бен, пен

 

 

 

2

Бірақ

 

 

 

3

Және, әрі

 

 

 

4

Үшін, тәрізді

 

 

 

5

Ба, бе

 

 

 

6

Дегенмен, әйткенмен

 

 

 

7

-ды, -ді,-ты, -ті

 

 

 

8

-ақ, -ау

 

 

 

9

Сайын, сықылды

 

 

 

10

Біресе, бірде, кейде

 

 

 

11

Ғана, қана

 

 

 

12

Немесе, я

 

 

 

13

Туралы, сынды

 

 

 

14

Шамалы, шақты

 

 

 

15

Дейін, шейін, қарай, таман, жуық

 

 

 

16

Па, пе

 

 

 

17

Сондықтан

 

 

 

18

-мыс, -міс

 

 

 

19

Ғой, қой

 

 

 

20

Себебі, сол үшін

 

 

 

 

5. Тест: (10 сұрақ) Үлгі бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды: 0-1 қате – «5», 1-2 қате – «4»,  3-5 қате – «3», 6-10 қате – «2»
Мақсаты: Шылау, оның түрлерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Тесттің түрі, формасы: тесттің 5 түрін қамтиды.
І нұсқа.
1. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табы .......

2. Шылау сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Ол бұлардың ішіндегі ең шапшаңы және тапқыр айтқышы. (М.Ә)
а) сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
ә) сөзге жаңа мағына үстеп тұр.
б) сөйлем мен сөйлемді жалғастырып тұр.

3. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінеді:
а) иә б) жоқ.

4. Шылауларды сәйкестендір.
1. Септеулік шылау а) дегенмен, әйткенмен
2. Жалғаулық шылау ә) сайын, туралы
3. демеулік шылау б) -ақ, -ау, -ды.

5. Сөйлемді толықтыр.
Күндіз келген жиырма кісіні ....., түнде келген жиырма кісіні..... қонақ етіп, ренжітпей аттандырып жіберуші еді.

  6.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

  а) Мазмұнды әңгіме.

  ә) Бет бұру.

  б) Ақын туралы айту.

7. Дефиспен жазылатын шылаулар.
а) мен, әрі, бері
ә) ма, ме, ба, бе
б) ақ, ау, ай

8. Қайталанбай қолданылатын шылаулар.
а) және, мен
ә) да, де, та, те
б) әрі, біресе

9. Сөйлемді толықтыр.
Сөзіноқы ..... ойла, Тез үйреніп, тез жойма.

10. Сөздерді ретімен орналастыр.
а) Абай б) оның
ә) достарыв) мен

ІІ нұсқа.
1. Шылаулар ...., ...., .... болып бөлінеді.

2. Демеулік шылаулар дегеніміз не?

3. Мына шылаулар ( ақ, ау) қалай жазылады?
а) дефис арқылы жазылады.
ә) бөлек жазылады.
б) қайталанып қолданылады.

4. Мыс, міс - шылауларының мағынасын анықтаңыз.

а) Күшейткіш.

ә) Лептік.

б) Болжалдық.

5. Сөйлемді толықтыр.
Тіл .... ойлау- еңбектің жемісі (К.Маркс)

6. Септеулікте рмынадай тұлғадағы сөздерді ңшылауында қолданылады.

7. Жалғаулықшылауды тап.
а) бұрын, соң, кейін
ә) бірақ, дегенмен, алайда
б) мыс,қой, кейде

8. Сәйкестендір.
1. сұраулық демеуліктер   а) қой (ғой, -ды,-ді)
2. болжалдық демеуліктер ә) –мыс,кейде,-ау.
3. нақтылау мәнді демеуліктер  б) ма, ме, ше.

9. Сөздерді ретімен орналастыр.
а) Атам   б) мен    г) бар
ә) әжемніңв) сиыры

10. Жолшылар электршілермен .... емес, өзара ..... жарысуда.

Тестіңкілті.
І нұсқа

1. шылау
2. а
3. а
4. 1-ә, 2-а, 3-б
5. де
6. б
7. б
8. а
9. және
10. а, в, б, ә

ІІ нұсқа
1. септеулік, жалғаулық, демеулік
2. сөзге күшейту, тежеу, шектеу мәнін үстейді.
3. а
4. б
5. мен
6.к өмектес
7. ә
8. 1-б, 2-ә,3-а.
9. а,б,ә,в,г
10. ғана, да
Ыстық орындық әдісі.

Шылау бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, қорытындылау. /орындыққа үлгірімі жақсы оқушы отырады/
№ 1. 1. Шылау дегеніміз не?
2. Мысал келтір

№2. 1. Шылаулар неше түрге бөлінеді?
2. Әрқайсысына мысал келтір

№3. 1. Мына сөздерден септеулік шылауды табыңыз?
-ақ, - мыс,  соң.
2. Шылаулар түрленеді ме?

№4. 1. Демеулік шылау деп қандай шылауларды айтамыз? Мысал келтір.
2.Шылаулар сөйлем мүшесі бола алады ма?

№5. 1. Және, мен шылаулары сөйлем ішінде неше рет жазылады?
2. Шылаулардың лексикалық мағынасы бар ма?
 

Үй тапсырмасы. Ережелерді қайталау. Мысалдар жазу. Шылау түрлері қатысқан 5 мақал-мәтел жазу.

Бағалау: бағалау парақтары толтырылады.


Пікірлер (3)

Жібек

Өте керемет!!!!! Маған қатты ұнады ертең бізге ашық сабақ осы жолы мына идеяны міндетті түрде апайыма айтам сізге рахмет

Сәуле

Сахнабек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз