Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы» атты Қадыр Мырза Әли жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2437
Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы,
Тоқтау айтып балаға жақ тынбайды,
Әкесінен гөрі де
Әумесерлер
Даладағы біреуді көп тыңдайды.
Кімге барып тағдырың шағынады?!
Адасып жүр жапанда бағың әлі.
Сені сынап,
Ал сенің жырларыңды
Көшіргенге
Біреулер табынады!
Дәрменсізді мықтыға,
Зорға балап,
Алдарында жүреміз жорғалап-ақ.
Құзғындарды жіберіп өз еркіне,
Әнші құсты ұстаймыз торға қамап!
Асылыңды тышқан жеп қоймадағы,
Жастығыңды жыл жейді...
Ойла-дағы!
Мәстектерін жіберіп ат жарысқа,
Арғымақпен кей жерде қой бағады!
Шаршап келіп тірліктен митыңдаған
Қариядай ән менен күй тыңдаған...
Ойлы басы қисайып оң жағына
Мұңлы көзбен қарайды итім маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері