Тірі адамдар өлмесін – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Тірі адамдар өлмесін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлім, өлім, өлім деп,
Неғыламыз күрсініп.
Өлген адам көмілмек,
Тірі адамға - тіршілік.
Өлім, өлім, өлім деп,
Өкінеміз несіне.
Өлген адам көмілмек.
Тірі адамға - несібе.
Тірі адамдар өлмесін!
Тіршілікке келгесін,
Шамы ертерек сөнбесін.
Шаруасын жөндесін,
Жаманшылық көрмесін,
Тірі адамдар өлмесін!
Жасай берсін тірі адам,
Жыламасын, шаттансын.
Бір адамнан - мың адам
Мына өмірге аттансын.
Мың түтін боп от жансын.


Пікірлер (8)

Аликош Арманова

Мукагали агамыз паэзиянын гулы гой

Наргиз

Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері өте күшті.Әр тақырыпқа өлең жазған.Өлеңдері супер

Гульназ

керемет 19 жарысқа барамын сәттілік

Раушан

Мұқағали ағамыздың өлеңдері өлмесін. Әрқашанда жадымызда сақталсын!

Myrza

керемет

Дариға

Тірі адамдар өлмесін өлеңі ұнады

Бекасыл

Өлең өте күшті

Бекасыл

Тірі адамдар өлмесін өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері