Алматыға келіп-кетіп тұрыңдар – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Алматыға келіп-кетіп тұрыңдар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4662
(Ән)

Алматыда жазылмаған жырым бар,
Алматыда айтылмаған сырым бар,
Мен қазақпын, маған туыс дегендер
Алматыға келіп-кетіп тұрындар.
Жан астанам, жасағандай табынам,
Әміріңе әкімдей-ақ бағынам,
Жаңа ғана шыға салып сапарға
О, ғажайып, Алматымды сағынам!
Алматыда шаңырағым, үйім бар,
Сәбиім бар, күнде шертер күйім бар,
Басқаларың баспананы табарсың,
Алматыны ақындарға қиындар.
Алматыда айтылмаған сырым бар,
Жан достарым, соны айтқызбай ұғыңдар,
Мен жігітпін, маған туыс дегендер
Алматыға келіп-кетіп тұрындар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері