Сергей Иваныч

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1084
Бетіңіздің әжімі,
Бірде бар да, бірде жоқ,
Сөзіңіздің әзілі
Бірде аз да, бірде көп.
Өміріңіз бен ісіңіз
Келеді ұзақ айырылмай.
Қайратыңыз, күшіңіз
Тұр қалпында айнымай.
Жаныңыз бар жас тұрған,
Қарттығыңызды ескертпей.
Боз қыраудың астынан
Көктеп шыққан көк шөптей.
Сізбен бірге алдымнан
Жаңа жылды тағы аштым.
Шашыңыздың ағынан,
Жасыңыздың саны ассын!
Сөзім осы әзіргі,
Ал, ұстаңыз бокалдан!
Қайтсем дағы әзілді
Сізден тәуір айта алман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сергей Иваныч өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сергей Иваныч өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сергей Иваныч өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сергей Иваныч өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері