Тас қоршауда көкорай – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Тас қоршауда көкорай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1497
Қоршай салған сұрғылт тас,
Ортасында діңгегі.
Тарих әсте ұмытпас
Қалған бұл да бір белгі.
Көне ғасыр, жылдарда
Жаза орны — бұл баяғы
Ел басында тұрғанда
Патшалардың таяғы.
Зор еңсесі ерлердің
Қиылыпты қоғадай.
Қазір көрсең сол жерде
Жайқалып тұр көкорай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері