Көк иықтан асарда – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Көк иықтан асарда» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1443
(Ертайға)

Шығарып салған, жан досым,
Алғысымды ал да, аялда.
Әрине, маған жол болсын,
Жақсылық болсын саған да!
«Көк иықтан асарда,
Көзіңді жібер маған!» — деп,
Тұрғандай қала қашан да,
Көңілімде менің алаң көп.
Қарайын саған, Қостанай,
Тағы да тағы қарайын!
Өткіздім сенде кеш талай,
Қарсы алып таңның арайын!
Мен тасып барам сен үшін,
Өмірден алар есең мол!
Әзірге сау бол, ел ішім,
Жолдасым, сен де есен бол!

Карло КАЛАДЗЕ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері