Өлең, жыр, ақындар

Құлжабай би ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1180
Сейілмеді қара бұлт көгімізден,
Қаптаған жау тартқылап жеңімізден.
Түгел қоршап айнала от салғаны,
Айыруға киелі жерімізден.
Аз болғандай Жоңғардың азаптары,
Қылыш сермеп Жайықтың Казактары.
Башқұрт шапса,шығыстан Кокан шауып,
Күнді кештік ұрпағым тозақтағы.
Патшасына орыстың көзін сүзген,
Хатта жаздық бірігіп кіші жүзден.
Бірақ оным опасыз түлкі болды,
Айдап салып жыланды жем іздеген.
Қаптаған жау елімді әлсіретті,
Халқым барын қолдағы талшық етті.
Күңіреніп күй кештік»Елім-айлап»,
Жұбата алмай күңіренген қалың көпті.
Тілім менен Дініме қатер төніп,
Қос қанатқа тиген соң от өрт еніп.
Шыдай алмай залым жау ойранына,
Сырымменен бас қосып көтерілдік.
Атқа қонды батырлар ту астында,
Тағылықтың қалмауға уысында.
Қайран далам белшеден қанға батып,
Тажалдың тырнағынан батты мұңға.
Қасіреттен қан жұтып, жан түршігіп,
Жолбарыстай жаралы сан тұншығып.
Зар заманға тап болдық адам көрмес,
Қарағайды кемірді шортан шығып.
Айта берсем таусылмас өкінішім,
Кең Жылойдың төсінде жорғалады,
Бұрқыратып бойынан өлім исін.
Шошынғаннан ұйқыдан безіп тегі,
Шырылдады жас сәби бесіктегі.
Іздерінен шытынап күмбездерім,
Әліпбиім өртенді мешіттегі!
Біз тірелдік ұрпағым тығырыққа,
Айналуға қалған соң енді жоққа.
Жер бетінен қазағым өшпесін-деп,
Амалсыздан бас идік бодандыққа.
Ақын ұлым талабы өрге шапқан,
Өлсең де зая болма мінажаттан.
Ішімді өртеп жатыр өкінішім,
Дос тауып құтылғанмен бұл апаттан.
Ол үшін жазғырма сен өткендерді,
Жолыңа үмітпенен шырақ жаққан.
Кең Жылой желбіреген туың болсын,
Жау жүрек Пір Бекеттей ерлер тапқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің қазақ елім

  • 0
  • 0

Ұлан ғайыр даласы бар кең байтақ,
Алтын толы шың құздары түсі аппақ,
Қаратау мен Алатауын құшақтап.
Қолтыққа алып күміс өзен көлдерін,

Толық

Бабалар салған жолменен

  • 0
  • 0

Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,

Толық

Мұса Жәлелдің соңғы сөзі

  • 0
  • 0

Қанқұйлы Моабит түрмесі,
Ішінде мұңмен жүдедім
Көрмеспін танды келесі,
Сезіп тұр оны жүрегім.

Толық

Қарап көріңіз