Есентемір ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Есентемір ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1484
Тамыр тартып тарихыңнан тереңнен,
Қуат беріп махаббатқа бөлеген.
Ата мекен әркімге де тым ыстық,
Алға тартқан өмір атты кемемен.
Сен сүрінсей өз анаңдай жаны ашып,
Қолтығыңнан сүйеніш боп демеген.
Ол жаныңның бейне Мысыр шаһары,
Құшағында айта аласың шатты әнді.
Оның бөлек боз жусанды даласы,
Тым ерекше шуақ төккен ақ таңы.
Бозторғайлар шырқағанда төрінде,
Жырға айналар сағыныштың мақамы.
Отаныңның ырыс толы бөлшегі,
Оған жетпес махаббаттың өлшемі.
Егіз біткен кіндігіңе байланып,
Жетелейді ізгілікке ол сені.
Абыройын қадір тұтып қастерлеп,
Ұлттық сана танымымен біл соны!
Өз анаңдай түн ұйқысын төрт бөліп,
Күн бесікте мейір төгіп тербетіп.
Аямастан бар жылуды бойыңа,
Құйып берген сен өссін-деп, ержетіп!
Айналған бір үлкен ауыл қосынға,
Бабалардың зираты да осында.
Сен олардың аманатын ту қылып,
Кір шалдырмай абыроймен таза ұста.
Біздер жатқан Байтақ атты осы жер,
Дауысымыз самал желмен естілер.
Тән өлгенмен жан өлмейді құлыным,
Туған жерден күдер үзбес намысты ер!
Қуат берер бірлігімен халқыңа,
Түрікшілдік қасиетіңнен жаңылма.
Бар болашақ сонда жатыр жарқыным,
Көк Бөрінің болсын Рухы қаныңда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есентемір ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Есентемір ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есентемір ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Есентемір ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері