Апрель таңы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1663
I
Апрельдің таңы арайлы –
Күншығыс жақ тұрды күліп.
Біздің қала қарағайлы,
Таңғы ауада жүр қыдырып.
Шыдам болып шық мөлдіреп
Жапыраққа қонады кеп.
Бірақ таңды күткен жүрек
Минут сайын соғады үдеп.
Таң арайлы, таң – ғажайып;
Әлденеге көңіл құлап,
Бойда шыдам қалды азайып,
Өсе берді сенім бірақ.
«Осындай ма ед жылы, күні,
Осындай ма ед бұл алаптың;
Осындай ма ед ұлылығы,
Сұлулығы мына жақтың?! –
Деді ол, – неғып байқамағам,
Әлде өзге ме ед күн бұрынғы?»
Сөзін ән ғып айтады адам,
Таң, бір сайрат бұбұлыңды!

II
Жаңа туған күнге ұсады, ал,
Космоста – тұңғыш Адам.
Тұңғыш адам – жаңа адам-ды,
Жаңа адамдар бағаланды.
Берді ол тұңғыш биікте үнін
Туған жерге – қалған жаңа.
Сол бір үннің биіктігін
Өлшей алар арман ғана.

III
Таң арайлы... тау шыңдары,
Тау шыңдары құбылды, әне,
Таң жырлары таусылмады,
Таң атты бір бүгін-дағы.
Жаңа ой туды – ең асқан күн, –
Жаңа Күнге ұсады да.
Біздің жеңіс, тек аспанның
Сыя алады құшағына.
Таң бояуы жанға жұғад,
Таң сүйіп тұр бұ маңайды.
Жыр секілді, таңдар бірақ
Бір-біріне ұсамайды.
Басы ғой таң арманның да,
Таң мен арман дос болады...
Ендігі әрбір таңдардың да
Болар бір-бір космонавы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апрель таңы өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Апрель таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Апрель таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апрель таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері