Өлең, жыр, ақындар

Абат байтақ

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1730
Небір дүлей дауылдарға бас имей,
Ғасырлардан еркін жүзген кемедей.
Атына сай асқақтап жел өтінде,
Кең далама керілген ақ желкендей.
Абат Байтақ кесенесі ой салар,
Тебірентіп жүрек атты төрге өрлей.
Аңыз толы ерліктері ғажайып,
Батыр бабам өзі құшақ кең жайып.
Тылсым күшпен тіл қатқандай алдыңда,
Шешендікпен шежіреңнен сыр айтып.
Сарбаздары даусын естіп тұрғандай,
Табыттарын ашып тастап бір уақыт!
Ашылғандай Томпақ мешіт есігі,
Жанға жәйлі әуен міне естілді.
Ақ киінген шықты Бекқұл әулием,
Жерге біткен күн сәулесі секілді.
Жылу төккен қасиетті жарығы,
Жазып берер жанға батқан дертіңді.
Тек бауырым адалмысың алдында,
Бұзбадыңба Алаш ұран сертіңді.?!
Ұрпақ болса халқын ойлап жөн білер,
Ойламаңдар тірілмес-деп, өлгендер.
Қыз әулие мұнда аққуға айналып,
Қазақ атты ұлы сөзді көкке ілер.
Жаратқанның құдіретінде шек барма,
Сан сурет елес болып көрінер!
Жыр көмейі болған ұлы даламның,
Ізін қуған Сыпыра жырау бабамның.
Жер ұйығын жел маямен іздеген,
Өзі жетер Асан Қайғы бабамның.
Жер бетінде жасау үшін жақсылық,
Ізгіліктің алға тартқан жаздарын.
Оның үні қайдан кетсін ой салмай,
Сонда сазы ғылым ғұмыр Құранның!
Бір Тәңірге сыйына біліп көктегі,
Гүл жайнауға адамзаттың көктемі.
Ақыл оймен сезімдерге жол беріп,
Ақиқаттың туын биік көтеріп,
Бабаларым кешіп талай өткелді.
Қанша бейнет бастарынан өткерді?!
Келер ұрпақ қас жауына құл болып,
Көрмеу үшін жан күйзелтер қатерді!
Бір-бір кітап жазбалары тастағы,
Таңдандырар адам түгіл аспанды.
Жыр оқиды өмір менен өлімнен,
Сыр шеркендей асулардың асқары.
Бас иесің әруақтар алдында,
Жалғау үшін олар жазған дастанды.
Ұмытпасқа ақ қағазға көшіріп,
Тарақ таңба өрнектелген басты әнді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүйсеке ата мешіті

  • 0
  • 0

Ұрпаққа имандылықтың желін есіп,
Бойына құя білген жігер нәсіп.
Япыр-ай, құлатардай не жазды екен,
Дүйсеке Атам салған сұлу мешіт!

Толық

Құлжабай би ата үні

  • 0
  • 0

Сейілмеді қара бұлт көгімізден,
Қаптаған жау тартқылап жеңімізден.
Түгел қоршап айнала от салғаны,
Айыруға киелі жерімізден.

Толық

Еркебай ата үні

  • 0
  • 0

Тыңда балам өтті қанша сарша күз,
Мен жатырмын елеусіздеу қоршаусыз.
Итте өтеді, малда өтеді үстімнен,
Білесің ғой өлген жандар қауқарсыз.

Толық

Қарап көріңіз