Отырар

Бұл бетте «Отырар» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2996
О, Отырар, Отырар!
Бабамнан қалған сынығым,
Алтыннан қымбат сыйлығым.
Әрбір тасың күмбірлеп,
Айтқан сәтте сыр мұңын
Тізе бүгіп алдыңда,
Бір Аллаһқа сиындым.!
Келдің бе, - деп, дауыстап,
Рухтар елес ырыс бақ,
Ой салғанда елжіреп,
Омырауымды нұр ыстап
Күңіренте құран оқыдым,
Бабаларыма бағыштап!
Сейілмей бастан боз тұман,
Ерлікпен өшпес көз жұмған.
Шәйіт болған мұндағы,
Бар мұсылман өз тумам.
Түрік тектес түбі бір,
Тамырласпыз бір туған.!
О, Отырар, Отырар !
Көгіңді бұлт торлаған,
Алты ай бойы қорғаннан
Қалың жауды жібермей
Жанын қиып қорғаған
Жасампаз ер халқымды,
Кімдер сатып қорлаған !?
Өз Отанын ұғынбай,
Шайтан ойнақ құйындай
Шапқыншыға жол ашып,
Жалпаңдаған құлындай,
Қарғыс атқыр, қу сатқын,
Қайда жатыр шыңғырмай ?!
О, Отырар, Отырар !
Бабалардың зар мұңын,
Бастан кешкен тағдырын
Сенен тыңдап көз ілмей,
Фарабидей жан ұлың,
Із қалдырған көшеңде,
Жырдан алау жандырдым !
Кетпессің-ау, есімнен,
Топырағыңды төсіңнен
Бойтұмар қып қастерлеп,
Қимас ыстық сезіммен,
Кең далаңа көз тіктім,
Шетсіз-шексіз көсілген.
Көргенше қош! Отырар !
Кеудесінде оты бар,
Бар мұсылман Тұранда,
Түбінде бір қосылар.
Ата –Түрік аңсаған,
Ең бақытты сол күнге,
Шаттық шашу шашылар!
Ел қорғаған ерлермен,
Қайырхандай ханыма,
Ескерткіште ашылар.
Сілкінерсің сонда бір,
Құмға шөккен асыл нар!
Қоңырауы даламның
О, Отырар, Отырар !


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырар өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Отырар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отырар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Отырар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері