Мен – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Мен» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1336
Елім барда еңсесі жығылмаған,
Тілім барда кеудемде жалындаған.
Туған елдің күмбірлер үні болмай,
Бауырым-ау, қалайша тыным табам.
Ұрпақ үшін көтеріп небір жүккті,
Сыйға тартқан мәңгілік жылулықты.
Тасқа жазған жырынан бабалардың,
Іздеп келем көз ілмей ұлылықты.
Бастан кешкен қиямет сан азабын,
Көктей көктен жаралған нар қазағым.
Шуақтарын кеудеме құйып алып,
Рухтармен сырласып жыр жазамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері