Өлең, жыр, ақындар

Әке

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2054
Көрмеген соң көсеуге де таң қалып,
Көп ұмтылдым биіктерге қарманып.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Сақтадым көп айта бермей елге сыр,
Өзің жоқсың портіретің төрде тұр.
Жұрт көзіне қайсар болып көрінем,
Оңашада төккен жасым көл-көсір.

Жібек көңіл ширатылды желінді,
Жемір уақыт жалмап бітті, жоқ үлгі.
Сені құдай бір күнде алып кеткен соң,
Бетегенің бәрі тау боп көрінді…

Бұл күйімді білер кімдер, білмес кім?
Қай пендеге тұрақтапты бұл бес күн.
Жылы жүзбен күле қарап өткеннің,
Барлығына қарыздар боп күн кештім….

Ағып келіп тоқтап тұнған көлдеймін,
Соғып барып тына қалған желдеймін.
Ағындауым асау шабыт шығар сол,
Тоқтайтыным- сенсіз тірлік, сенбеймін.

Біреу бар ма өмір дейтін жолды ұққан?
Біреуге бақ, біреулерге ол мыстан.
Сағынбаймын келмейтұғын болған соң,
Шарасызбын…
Жылайтыным сондықтан!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шешеме хат

  • 0
  • 0

Қырда гүлім көктеді деп қуандың,
Жайқалтам деп шақырымнан су алдың.
Қас-қабағын бақтың желдің жаңбырдың.
Ол шөлдесе бірге қаңсып қуардың.

Толық

Сені көрдім

  • 0
  • 0

Сені көрдім қасыңнан қыр көрінді,
Сол қырқаға назарым мың бөлінді.
Білесің бе арман боп басқаларға,
Аласарып сен үшін жүргенімді.

Толық

Ата жұрт

  • 0
  • 0

Ата жұрт саған жетпей тынбас балаң,
Қыранды қыран деме шыңға аспаған.
Тйеп ап жырдан жасау келіп тұрмын,
Демеңдер көш оңбайды қыз бастаған.

Толық