Дос – Табылды Досымов

Бұл бетте «Дос» атты Табылды Досымов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4974
(Т. Досановқа)

Жеті жастан бірге өстік,
Болды-ау талай білместік.
Бірімізді біріміз,
Сыйласумен күн кештік.

Адалдықты мақтан қып,
Армандарға аттандық.
Кейде бірге жабырқап,
Кейде бірге шаттандық.

Көкіректі досқа ашып,
Күндеспедік қастасып ...
Бала дәурен қалды артта,
Бізбен қимай қоштасып.

Тарау жолдар не түрлі,
(Түспесін тек екінді)
Бір сапарда келеміз,
Қос жолаушы секілді.

Сапар қанша алда әлі?
Қиын тағдыр жолдары.
Екеумізді екі жол,
Айырмаса .., болғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері