Өлең, жыр, ақындар

Егіз-лебіз 1-ші лебіз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2386
(А.Харесовке)

Шартарапқа шарқ ұрып көңіл-дөнерінен,
Жастық шаққа, жүргенде, сенуменен.
Өнеріңді, жүргенде, өруменен,
Кеп қалды ма ер жасы – Елу деген?

Жарты ғасыр сауық пен сайран құрдың ,
Майдан қылдық, көңілді жайландырдың.
Елу жасқа келгенде еңселі, аға,
Шықпай қойып жүрмесін ойдан бір мұң.

Келешектің жүргенде, көзін ашып,
Өтіп жатыр көктемге жаз ұласып.
Кемелдіктен, тектілік, тереңдіктен,
Кәріліктің, жүреді, өзі қашық.

Биігінен Елудің қостың кеңес,
Құрдас күліп, бұныңды дос күндемес.
Отызында ортайған ойсыз қанша,
50-деген сіз үшін- қос жиырма бес...

Өзіңіздей жарымай жақсы ағаға
Жүргендер көп, оларды жат санама.
Биік болғай асуың, Асқар аға,
Көгіндегі өнердің Ақ шағала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егіз-лебіз 1-ші лебіз өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Егіз-лебіз 1-ші лебіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Егіз-лебіз 1-ші лебіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егіз-лебіз 1-ші лебіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері