Іздемейсің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Іздемейсің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Іздемейсің...
Сен үшін өліп қалғам,
Сұлу көп қой, «кәрі әйел» болып па арман?
Жастығыммен қайтадан кездестірмей,
Наразымын уақытқа көрікті алған.
Өкпелімін жылдарға ерікті алған,
Бақыт құс жоқ, басыма келіп қонған.
Жаңа жауған ақ қардың өңі өзгеріп,
Тамшы жастай сырғиды еріп қолдан...
Беріліпсің, беріліп төзімге сен,
Мендей болсаң, түн бойы көз ілмес ең?
Көз алдыма елестеп әрбір сәтің,
Оңашада алаулап сезім кешем.
Сұлулықты көздерің көріп қанған,
Не істей алам, уақытқа көрікті алған.
Солай, сені байқамай сүйіп қалып.
Сонан кейін, ес кірмей өліп қалғам,
Үміт оты кеудемнен сөніп қалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері