Өмірде – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Өмірде» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1496
Өмірде
Не болмайды дейсің:
Шығуын шығып биікке,
Басы айналып, құлайтындар да болады.
Жаны ашып, сол бір күйікке,
Жылайтындар да болады.
Бар кемшілікті үйіп кеп,
Табалап сені,
Сынайтындар да болады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері