Бұл бетте «Шолжаң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бізде шолжаң бала бар,
Тілінде бір «шала» бар.
Оның айтқан сөздерін
Түсінбейді балалар.
«Р» дегенді «ыл» дейді,
«Жыр» дегенді, «жыл» дейді.
Шіркін сабаз, бүлк етпей,
«Бір» дегенді «біл» дейді.
«Тайқарбайды» – «Тайқалбай», –
Дейді мүлдем айта алмай.
Осылайша талай сөз
Бұзылады байқалмай.
Үлкен-ақ бол сен мейлі,
«Сіз» демейді, «сен» дейді.
Сәрә, оңай «З»-ға да
Оның тілі келмейді.
Еркелікті тастаса,
Аңдап сөйлей бастаса,
Айтпас еді ол бала
«Р» дегенді басқаша.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі