Дән теңізі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Дән теңізі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 764
Жаз жадырап жайқалған,
Кезі сарша тамыздың,
Олқы екен деп айталман,
Өскен тыңда дән біздің!
Жылытқандай аспаннан
Анасындай күн жердің,
Жарып шықты тасқын дәм
Кеудесінен тың жердің.
Сарала толқын сияқты
Алқапты егін көмкерген,
Салалы бидай сабақты
Басын зорға көтерген.
Шықты бітік бізде егін,
Елім, дәнді ора біл!
Теңізіне жүзді егін
Комбайн — зор корабль.
— ІІІықты ма,— десем,— егін мол
Комбайншы батырым?
— Көрмейсің бе? — дейді ол,—
Алтын орып жатырмын!

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері