Өлең, жыр, ақындар

Жетісу

  • 21.07.2019
  • 0
  • 2
  • 6343
Айтайын бір санамақ,
Ұғынып ал саралап.
Жетісуды жеті өзен
Ағып жатыр аралап:
Арнасы да кеңейген,
Суы-дағы көбейген
Алғашқы өзен – Аягөз
Басталады Семейден.
Одан кейін – Тентегі,
Тулап аққан ерке еді.
Жете алмаған Балқашқа,
Қатты аққанмен, келте еді.
Үшінші өзен – Лепсісі,
Тауды бұзған көп күші.
Ұмтылады алқапқа,
Келіп тездеп жеткісі.
Төртінші – Ақсу өзені,
Кең даланы кезеді.
Шаруаға қолайлы,
Малға толы өзегі.
Бесіншісі – Қаратал,
Суын диқан жаратар.
Ақ күрішті алқаптың
Бойына нәр таратар.
Алтыншы өзен – Ілесі,
Тым байсалды мінезі.
Балқашқа кеп құятын
Үлкен өзен бұл өзі.
Жетінші өзен – Шуы бар,
Асып-тасқан суы бар.
Жапан түзді жайқалтып,
Құмға өсірген нуы бар.
Бөлеп сымбат – сәніне,
Бөлеп ырғақ – әніне,
Алатаудан басталған
Жеті өзеннің бәрі де.
Жер жаннаты, көркемі,
Өсе түскен өркені.
Жетісу деп атаған
Жеті өзенді өлкені.



Пікірлер (2)

Салтанат

Автордың негізгі ойы не 1-1,5бет көлемінде көмеккккк

Алишер

сен Әлімбек Салатанвтсын ба мен ғо Алишер????

Пікір қалдырыңыз

Монтер

  • 0
  • 0

Мейлі қала, далада,
Электрлі бағана,
Бағынады мүлтіксіз,
Біздің монтер ағаға.

Толық

Ішіп кетті

  • 0
  • 0

Бірінші рет бірер күн ішіп кетті,
Ішіп кетті –
Лақылдата құсып кетті.
Екінші рет бір апта ішіп кетті,

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Туған ауылым, ата мекенім,
Қайда жүрсем, шықпайды естен.
Туған жерімді мақтан етемін.
Қырларыңда шапқылап өскен.

Толық

Басқа да жазбалар