Жаны жарқын жандар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаны жарқын жандар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4089
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Өмірде бар ғой, шіркін, жаксы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанға жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көніліңді тапса адамдар. 2 рет
Пейілі жайсаңдардың дала сынды.
Жайдары жаз күніндей жарасымды.
Ақаусыз ақ көңілмен құрақ ұшып,
Алдыңа ақтарады бар асылды. 2 рет
Жайдары болса, шіркін, жанның бәрі,
Арайлап атар еді таңның бәрі.
Тек кана жырлар еді жайсаңдықты,
Жүректі жарып шыққан әннің бәрі. 2 рет


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері