Бұл бетте «Аңсағаным» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару майда,
Гүл бағымда бұлбұлым боп сайра,
Аңсағаным.
Қайырмасы:
Өзің деп білем
Өмірдің гүлі
Асқарымда.
Өзің деп білем
Көңілдің күйі
Аспанымда.
«Асыл арман» деп шырқалды әнің,
Арманыңның сезіп журмін бәрін,
Арайланып атар алтын таңың,
Аңсағаным.
Қайырмасы:
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем –
Көңілімнің күйі
Жас жанымда,
Аңсағаным.
Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным,
Кеудемде бір алаулайды жалын,
Бір өзіңе арналады өнім,
Аңсағаным.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі