Сүйікті жан сәулем

Бұл бетте «Сүйікті жан сәулем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1755
Көрікті күндері көктемнің
Сан кешті өзіңсіз өткердім.
Жабығып, жалғыздық көп көрдім,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.
Болса да тым көп-ақ мөлдір көз,
Сен жаққан жалынды сол бір кеш,
Жүректен ешбір жан сөндірмес,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің,
Бір оқып, бір жерде болайық,
Білекті білекке орайық,
Барады сағыныш молайып,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйікті жан сәулем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сүйікті жан сәулем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйікті жан сәулем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйікті жан сәулем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері