Бұл бетте «Түсіме көр кіресің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерекше сыңғыр қағып, көп күлесің.
Алыстан алаулаған арманым-ай,
Қаншама қиялдаған өтті кешім?
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерніңді ерке желге өптіресің.
Сарғайып сағыныштың саздарымен,
Қызықты күндеріме кетті үлесім.
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Махаббат мұңлы күйін шерттіресің.
Аққулар айдын көлде гәккулесе,
Лүпілі жүрегімнің деп білерсің.
Баянды бақытымның белгісі ме?
Сағынтып көп кіресің сен түсіме.
Ояна келсем, жаным, жоқ боласың,
Алмаймын бұл жұмбаққа мен түсіне.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі