Болмаса егер жанашыр сүйенішің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Болмаса егер жанашыр сүйенішің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2412
Болмаса егер жанашыр сүйенішің,
Түрткі көріп әр жерде-ақ күйеді ішің.
Әлін білмес әлек деп әжуа етер,
Жасай қалсаң жөнсізге жүйелі сын.
Түбі бірақ табылып сүйенішің,
Кеңи түсер кең жайлау күй-өрісің.
Жауыздықтың жығылып, бақас басын
Әділдіктің алдында иері шын.
Ондай кезде өзің де киелісің,
Киелі ұлын қашанда ел сүйеді шын.
Ер еңсесін көтеріп, еркелеткен
Ерен еңбек – ең мықты сүйенішің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері