Ұқсату – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұқсату» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1122
Көктемгі құлпырған егінді
Көрікті күй беріп далаға, –
Жарысып ойнаған көңілді
Ұқсатам балдырған балаға.
Жаздағы жайқалған егінді,
Толғанда масағы дән ала, –
Өзінше бастаған өмірді
Ұқсатам ақылшы ағаға.
Күздегі сарғайған егінді,
Піскенде құйылып сабаға,–
Байлыққа бөлеген елімді
Ұқсатам байсалды бабаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері