Шаруа мен ажал

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1320
Қыстың күні шөп арқалап иіле,
Шаршаған шал мұқтаждықтан, еңбектен,
Әрең жүріп келе жатты үйіне,
Аһ-уһлеп тұла бойдан тер кеткен.
Әлі ұзақ соқпағы,
Шал ақыры тоқтады.
Шөпті қойып, өзі соған отырды,
Күрсінді де ойға кетті не түрлі:
«Жарлы жоқ мен секілді.
Жоқтық жеген, қатын-бала тағы бар,
Алым-салық бүгіп болды белімді.
Мен сорлыға қайдан бақыт табылар?
Бір күнім жоқ көңілді».
Осы күймен тілдеп мұндай өмірді,
Шақырды ол өлімді: тұр еді өлім расында
Қасында.
Келді де өлім жақын тым,
Деді: «Неге шақырдың?»
Шал қаһарлы түрін көріп шошынды:
Әрең оған жауап берді күбірлеп:
«Ашуланып шақырғам жоқ, ұғын тек,
Көтеріссін деген едім отынды».
* * *
Мысалдағы түйінді
Былай деп сен есепте:
Өмір сүру қанша ауыр десек те,
Өле салу одан-дағы қиын-ды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен ажал өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен ажал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шаруа мен ажал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен ажал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері