Мен егіліп алдыңда жылап тұрдым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен егіліп алдыңда жылап тұрдым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Мен егіліп алдыңда жылап тұрдым,
Жария емес өзгеге жан-арыммен.
Ал сен болсаң, шылымды лақтырдың,
Өшіріп, үнсіз отын табаныңмен.
Кешкі аспаннан төгілген алауменен,
Болмысыңды көңілге сыза алармын.
Менің әлсіз сезімім саған деген,
Саған жетпей өшкендей ызаландым.
Жеңіл еді-ау, алдыңда егілмеген,
Бар өмірім өтсе де күтуменен.
Сондағы айтқан сырларым, сен үрлеген,
Ұшып кетсе қайтермін түтінменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері